Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

33378e85e3ff56ae1c8a56f38ecdc9fd2015 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара саудасы — 6 491,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 14,1 пайызға аз. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы бойынша экспорт — 1 млрд 873,7 млн. АҚШ долларды (былтырғыға қарағанда 16,2 пайызға аз), ал импорт — 4 млрд 618,0 млн. АҚШ долларды (былтырғыға қарағанда 13,2 пайызға төмен) құраған. «Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 51,2 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (20,2 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (16,8 па йыз), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (3,8 пайызды) құрады. Ал ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 30,2 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (17,9 пайыз), минералды өнімдері (14,2% пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,3 пайыз), мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,3 пайыз) әкелінген», — делінген баспасөз баянында.

http://zhebe.com/

Рубрика: