Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Гэллап институты КСРО-ның құрамында болған бұрынғы 12 елдің азаматтарына қатысты көші-қон мәселесіне зерттеу жүргізді. Нәтиже былай болып шыққан:

Қазақстан халқының — 13%-ы;

Арменияның — 40%-ы;

Азербайжанның — 14%-ы;

Молдавияның — 32%-ы;

Украинаның — 21%-ы;

Белоруссияның — 17%-ы;

Қырғызстанның — 16%-ы;

Ресейдің — 14%-ы;

Грузияның — 14%-ы;

Тәжікстанның  — 11%-ы;

Түркменстанның — 6%-ы;

Өзбекстанның — 5%-ы;

Бұл дегеніңіз яғни, аталған елдегі тұғындардың белгілі бір бөлгі (пайызы) эмиграцияны қалайтынын білдіретін көрсетікіш. Осы күндері өздері мекен етіп жатқан мемлекеттерден сыртқа қоныс аударуды жөн санайтындардың 52 пайызы жайлы тұрмысқа зәру екен. 10 пайызы шетелге табысты кәсіп көзін іздеп кетпек көрінеді. 13 пайызы өздерінің емес, болашағының: бала-шағасының тағдырына алаңдайтынға ұқсайды.

Зерттеу қортындысы 2010-2012 жылдар аралығын қамтыпты. Сауалнамаға 41 мыңнан астам адам қатысқан.

ХХІ ғасыр — көші-қон ғасыры болатыны аңғарылып келеді. Жаһандану барысында әлем азаматтары қалаған мемлекетіне барып тұру үрдісі қалыптсатынын да қазірден болжау қиын емес. Қазақ даласынан көшіп кететіндердің қарасы да аз болмайды. Ал, көшіп келетіндердің ше? Көшіп келетіндердің де қарасы аз бола қоймас. Соның денін сырттағы 5 миллионға жуық қазақ құраса, арман бар ма?!

Abai.kz

Рубрика: