АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанға өлім жазасы керек пе?


Астана. 18 ақпан. BAQ.KZ – Парламент мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ертең «Өлім жазасы және өмір бойы бас бостандығынан айыру жаңа Қылмыстық кодекстегі жаза түрлері ретінде» деген тақырыппен дөңгелек үстел өткізбек. Жиында қазақ қоғамына өлім жазасының керек, не керек еместігі талқыланатын болады.

 

ҚР Әділет министрлігі стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмыстары департаментінің директоры Исидор Борчашвили атап өткендей, Қазақстанда өлім жазасына мараторий жарияланса да, жаңа Қылмыстық кодексте өлім жазасына лайықты қылмыстардың қатары артқан. Борчашвили болса өлім жазасын тек қана жауыздықпен адам өлтіргендерге ғана қолдану керектігін айтып отыр.
Айта кетейік, Қазақстанда 2003 жылдан бері өлім жазасына мараторий жариялау туралы Президент жарлығы өз күшінде. Аалйда, Елбасы 2009 жылы «Өлім жазасына байланысты кейбір заңнамаларға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Яғни, ол бойынша жазаның осы түрі лаңкестік жасаған қылмыскерлерге және әскери кезеңде ауыр қылмыс жасағандарға қолданылады.
2012 жылы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бүкіл әлем елдерін өлім жазасынан бас тартуға шақырған.

 

 

http://www.baq.kz/news/23431