Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстандықтар сауда-саттыққа көп қаражат жұмсайтын болдыЕлімізде бір азаматқа  тиесілі саудадағы айлық чек бір жылда 11 мың теңгеге өсті.

2014 жылдың желтоқсан айында қала тұрғынына тиесілі сауда көлемі 76 мың теңгені құрады, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 65 мың болған.

Тіркелген жалпы бөлшек сауда көлемі жаңа жыл қарсаңында 725,7 миллиард теңгеге жетті. Чек арқылы ресми түрде тіркелген бөлшек сауда 20%-ға ұлғайды.

Бір адамға тиесілі шығын деңгейі 15 аймақта өскен. Ең жоғары орташа чектер Алматы (бір адамға 115,6 мың) және Атырау облысында (бір қала тұрғынына 92,1мың теңге) тіркелді.

Бөлшек сауда өсімі бойынша Жамбыл облысы көшті бастап тұр. 2013-2014 жылдың желтоқсан айында бөлшек сауда бір жарым есе, 28,4 миллиард теңгеге дейін өскен.

Источник: Алматы ТВ

Қазақстандықтар сауда-саттыққа көп қаражат жұмсайтын болды

Рубрика: