Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бұл төңіректегі мәселе қоғам назарын аудара бастады. Тіпті ел аралаған халық қалаулылары да жұрттан жағымсыз жағдайларды естідi ме, Парламент төрінен де қарыз мәселесін көтерді.
«Мемлекеттің қарызға өмір сүруі қауіпті» деді күні кеше Кузьмин Мәжілістің жалпы отырысында. Премьер-министр мен Ұлттық банк төрағасына сауал жолдаған ол: «Депутаттық сауалымның себебі халықтың екінші деңгейдегі банктерге тұтынушылық қарызының күрт өсуі болып отыр. Осы көрсеткіш 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2,2 триллион теңгені құрады. Тек қана бір күнтізбелік жыл ішінде, 2012 жыл мен 2013 жылдың қараша айлары арасында тұтынушылық қарыз 48% өсіп, 701 млрд теңгені құрады» деді.
Бір жағынан алып қарағанда, екінші деңгейдегі банктердің, халықтың төлеу қабілеттілігін ұлғайта отырып, тауарлардың тұтынушылық нарығын белсенді несиелендіруі қуантады. Алайда бұл банктерді тұтынушылық несиелендіруге тауар өндірушілер мен ірі сауда орталықтарының иелері өз тауарларын өткізу мақсатында күштеп итермелеуі көрінеді. «Бірақ біз Батыс Еуропа және басқа елдердің тәжірибесінде мемлекеттің қарызға өмір сүруінің қауіпті екендігін көрдік» деген депутат бірқатар мысалды нақты атады. Елімізде 90 күннен артық қарызын төлей алмаған жеке тұлғалардың тұрақты өсу үрдісі байқалады. Былтыр 11 айда 90 күннен артық несиесін төлей алмаған жеке азаматтардың қарызы 15,3 пайызға өскен. Осы үрдіс жалғаса беретін болса, бұл халық арасында кері әлеуметтік салдарларға әкеліп соғады.
«Осыған байланысты Мәжілісте Қазақстанның қаржылық жүйесінің беделін көтеру мақсатында дайындалған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қарастырылды. Осы айтылғанның негізінде, сіздерден 2011-2013 жылдар аралығында екінші деңгейдегі банктер берген тұтынушылық несиелерді, олардың қайтарылу динамикасын нақты талдап, несие алушыға қалыпты өмір сүруіне қажетті қаражатты қалдыратын, несие алушының төлем қабілетін сапалы қарастыратын, банк үшін шектеуші іс-шараларды дайындап, халықтың несиеге беріліп кету үрдісін реттеуге қажетті шараларды қолдануыңызды өтінемін» дейді депутат.

Халықтың тұрмыс-тіршілігіне тіке­лей қатысы бар тағы бір мәселені де­путат Алмас Тұртаев көтерді. «Мемле­кет басшысының биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ» Жолдауында орта және шағын кәсiп­керлiк субъектiлерін оңалту және банкроттық механизмін енгізу қажеттілі­гі айтылды. Өткен жылдың аяғында Мәжіліс «Оңалту және банкроттық туралы» Қа­зақстан Республикасы заңының жоба­сын қабылдап, Сенаттың қарауына жі­берді. Заң жобасын қарау барысында «Ақ жол» партиясы депутаттарының жеке кәсіпкерлер банкроттығы туралы бөлім қосу ұсынысын Үкімет қолдамаған еді. Осы себептен партия фракциясы өз күшімен «Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы» заң жобасын әзірлейтіні туралы мәлім­деген болатын. Жеке тұлғалардың және жеке кәсіп­керлердің банкроттығы институты шет­елдерде кең таралғанын ескеру қажет. Мысалы, Германияда 1994 жылдың басы­нан бастап күшіне енген банкроттық
ту­ралы заңында, жеке тұлғалар банкрот­тығына арнайы бөлім арналған.
АҚШ-та соңғы жылдары 1-2 миллион­­ға жуық адам өздерін банкрот деп жа­рия­лады. Ондағы соттарда қаралып жатқан барлық істердің 96% – америкалық­тар­дың банктен жаппай несие алып, дәрмен­сiз халге түсуіне байланысты істер. Бұл мемлекетте жеке тұлғалардың банкрот­тығы туралы арнайы заң қолданыста.
Ресей Федерациясында «Дәрменсіз­дік (банкроттық) туралы» Федералды заңға өзгерістер енгізу туралы» заңы мен жеке тұлғалардың банкроттығы мәселе­сін реттейтін заң актілері қабылданған.
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкер­лердің банкроттығын енгізген жағдайда, несиені төлей алмаған тұлғалар, мүл­кі­нен айырылған жағдайдың өзінде де көшедегі «қаңғыбасқа» айналмас еді. Бұл мәселемен көптеген азаматтары­мыз бетпе-бет келіп отыр. Бұл – біздің адам­­дар, біздің елдің азаматтары!
Мәселенің екінші жағы – Кеден ода­ғы және ЕЭК аясында біз тауарлардың, капиталдың және еңбектің ерікті қоз­ғалуына уағдаластық. Бұл дегеніміз – біздің кәсіпкерлікпен айналысқысы кел­ген азаматтар Ресей банктерінен несие алып, көрші елде кәсіп ашып, сол елдің экономикасын көтеруге атсалысуға қо­лайлы жағдай. Өйткені Ресей Феде­рациясында жеке тұлғалардың мүдде­сін қорғайтын, сәтсіз жағдайлардан шы­ғуды реттейтін, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң бар. Өкінішті­сі, «Ақ жол» партиясының осындай нормаларын Қазақстан Республика­­сының заңнамаларына енгізу туралы
ұсынысына, Қаржы министрлігі бұл механизмді 2016-2017 жылдары енгізуді жоспарлап отырған жалпыға бірдей та­бысты декларациялауды енгізгеннен кейін қарастыру мүмкін деп мәлімдеді.
Ол уақытқа (егер қабылданса) 3 қыс­ты бастан өткізу керек. Алайда несие алып, қайтара алмай, балаларымен дала­да қалған азаматтарымыздың 2016 жыл­ға дейінгі жағдайы, басқа да қажетті­лігі ескерілмейді.
Елбасы Жолдауындағы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерін оңалту және банкроттық механизмін енгізу қа­жеттілігі айтылғанынан бастап, кәсіп­керлер ортасында бұл мәселе қайтадан көтерілуде» деген депутат «Оңалту жә­не банкроттық туралы» заң жобасына жаңа бөлім етіп енгізу үшін Мәжіліске қайтару қажет деп санайды. Мұның қаншалықты қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/40764

 

Рубрика: