Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстанды «Қазақ елі» деп атайтын уақыт жетті ме? 

Уәлихан ҚАЛИЖАН, Әуезов  атындағы әдебиет және  өнер  институтының  директоры, филология  ғалымдарының  докторы,  профессор:

– Әлемдегі кез келген ұлт,  мемлекет мәңгілік  болғысы келеді. Бұған ешім  дау  айта алмайды. Мысалы  өзіміздің арғы тегіміз болып келетін  түркілердің  тасқа шекіп қалдырған  Орхон-Енесей  жазуында: «Халқы  бегін,  бегі  халқын сыйлатын ел  ұзақ  жасайды» деген сөз бар. Бұл  нені білдіреді? Бұл «бірін-бірі  туғанындай  сыйлаған ел  ғана  мәңгі»  деген сөз.

Қазір  бізде  сол  ата-балалардың  аманаты орындалып  жатыр. Рас,  біз  тәуелсіздікке  жету үшін  талай қанды  қақтығысты  бастан  өткіздік. Бірақ  құрып  кетпедік. Ақыры көк  байрағы  желбіреген, шаңырағы  биік,  іргесі  бекем,  халқы тату-тәтті,  бірлікте, ынтымақта  өмір сүріп  жатқан  мамырстан  мемлекетке айналдық. Бостан  елге  қол жеткізгелі  бері, мемлекетімізде  президенттік  басқару  жүйесі  қалыптасты. Ол  өзін ақтады.

Нақты  деректерге  көз жүгіртетін  болсақ, халқымыздың  94  пайызы Елбасының жүргізіп  отырған кемел  саясатын  қолдайды. Бегін  сыйлаған  ел деген  осы. Ал бұдан бегі халқын  сыйлатынын, кешегі «Қазақ  елі»  деп атайтын уақыт  жетті дегенін  көруге  болады. Бұл  – «Мәңгілік  ел»  болу  жолындағы  алғашқы  қадам. Мұндай  ешқандай  кереғарлық жоқ. Біз  орыстың  сиволдарынан  бірте-бірте  құтылуымыз керек. Мемлекетімізді «Қазақ елі»  деп атау  дәл  бүгін  күн  тәртібінде  тұрған  жоқ. Ол алдағы  уақыттың  ісі. Халық оны  ешқандай  даусыз шешеді деп  ойлаймын.

 

Смағұл ЕЛУБАЕВ,  жазушы:

– Елбасының  Атырауда  «Қазақстан  республикасы»  деген  атау  алдағы  уақытта  өзгеруі  мүмкін» деп  жасаған  мәлімдемесі  бәрімізді  елең  еткізді. Рас,  «Қазақстан  республикасы»  деген  сөздің  өзі  ара-жігін ажыратып  қарайтын  болсақ, бірін-бірі  қайталап  тұр. Елбасы  айтқан  «Қазақ елі»  деген атау  әлдеқайда көңілге  қонымды. Бұл  мәселе  алдағы уақытта  халықтың  талқысына түсетіні  белгілі.  Сосын  барып  жүзеге  асар. Өйткені  мемлекеттің  атын  өзгерту,  бір  көшенің  не  болмаса  бір елдімекеннің  атын  өзгерту  емес. Дегенмен, мен еліміздің  атын  өзгерту  керек  болса, өз ұсынысым  бар.

Менің  ше, «Қазақия» деп  атасақ жөн болар еді. Немесе  Қазақ республикасы  деп,  бірақ жақшаның  ішінде Қазақия  деп  жазылса  жөн болар  еді. Мәселен Ресей  дейміз. Шындығында  ол– Ресей  Федеративтиік  республикасы  ғой.  Әлем  қысқаша  Ресей  деп  таниды. Сол  секілді «Қазақ  елі»  деп атау  шетелдіктерге  қиындау  тиюі  мүмкін. Қазақия  десе  қысқа  және  түсінікті.

 

Аягүл МИРАЗОВА, №159  мектеп  директоры, Қазақстанның Еңбек  ері:

– Елбасы қандай  мәселе  көтерсе де,  алдымен  мың  ойланып,  жүз толғанып,  електен өткізіп барып  қана  айтады.  Елімізді  алдағы уақытта «Қазақ  елі»  деп  атасақ  деген  ойы да керемет. Мен екі  қолымды  көтеріп  қолдар едім.

Иә,  солай  деп айтатын уақыт  пісіп  жетілді. «Мәңгілік елге» айналсақ, болашағымызды  ойласақ, осылай  деу  керек. Бұл  ешкімге бөгет болмақ  емес. Меніңше,  бұл  бастаманы  бүкіл  ел бір ауыздан қолдайтынын  білемін.

 

Рубрика: