Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстанда жыл сайын жаңадан екі мыңға жуық адамның ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталады деп мәлімдеді бүгін республикалық СПИД орталығының эпидемиолог дәрігері Алла Елизарьева.

— Соңғы бес жылда бізде ВИЧ жұқтыру көрсеткіші тұрақтанып келе жатқаны байқалады. Жыл сайын халықтың 0,01 пайызы, яғни жаңадан екі мыңға тарта адам ВИЧ инфекциясын жұқтырады. 2011 жылдан бері бізде ВИЧ-тің жыныстық жолмен таралуы басым болып келеді. ВИЧ жұқтырғандардың орташа жасы 35-ті құрайды, — дейді Алла Елизарьева.

СПИД орталығы басшысының сөзінше, Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандардың 60 пайызы – ерлер. Бірақ былтыр әйелдер арасында ВИЧ жұқтырғандар көбейген.

2014 жылы жаңадан ВИЧ жұқтырғандардың 43 пайызы ерлер, 57 пайызы әйелдер болған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26883184

Рубрика: