Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі 2014 жылдың екінші тоқсанында 2,9 пайызды немесе 497,7 мың адамды құраған. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпаратындаайтылған.

Комитет ақпараты бойынша, аталған категориядағы адамдар үлесі қаламен салыстырғанда ауылды жерде төрт есеге көбейіп, 384,1 мың адамды құраған.

Тұрғындар арасында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейтіндер үлесі Оңтүстік Қазақстан (5,5 пайыз), Жамбыл (3,6 пайыз), Ақмола (3,5 пайыз) мен Атырау (3,5 пайыз) облыстарында басым екені тіркелген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html

Рубрика: