Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 11 қыркүйек. Baq.kz – Бүгін Парламент Мәжiлiсiнің Әлеуметтiк-мәдени даму комитетi депутаттарының назарына Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының жаңа редакциясын таныстырған болатын. Жиын соңына қарай вице-министрге депутаттық сауал жолдаған Алдан Смайыл Ұлттық даму институтына қатысты мәселені нақтылай түсуді өтінді, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

— Сіздер ұсынып отырған заң жобасының 11 бабында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы Ұлттық даму институты туралы айтылған. Осы бапты тарата түсіңізші. Бұл қандай институт? Ол жеке құрылым болады ма? Жалпы, институт қазiр жұмыс iстеп жатыр ма? Әлде, заң қабылданғаннан кейiн жаңадан құрылады ма? Оның негiзгi қызметтерi қандай? — деді депутат.

Өз кезегінде сөз алған Асқар Қуанышұлы, заң жобасында ондай норма қарастырылғандығын және оны осы күндері «Зерде» холдингiнің жанынан құрылымдық негiзде қалыптастыруға болатындығын мәлімдеді.

— Бұл мәселенің түйіні негізінен заң бойынша премьер-министр шешiмiмен қабылданады. Бiз барлық тиiстi құжаттарды дайындаймыз. Ал мұндай институт елімізде қазірше жоқ, бірақ оны институт емес, жалпы құрылым ретiнде «Зерде» холдингiнің жанынан құруға болады, — деді вице-министр.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

http://baq.kz/kk/news/52898

Рубрика: