Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 22 сәуір. Baq.kz — Қазақстанда ағымдағы жылдың шілдесінде шылым қораптарында шылым шегудің зияны жайында ескертетін және шылым шегушілердің ішкі органдары бейнеленген пиктограммалар пайда болады, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.

«ТМД елдері арасында алғаш рет біздің елімізде шілде айында шылым орамдарының сыртында алдын ала ескерту суреттері пайда болды, онда тек шылым шегудің зияны ғана емес, қандай аурулар пайда болуы мүмкін сол жайлы суреттер бейнеленеді. Атап айтқанда инсульт, инфаркт және басқа да ауруларға шалдықтыратыны көрсетіледі», — деді А.Төлеғалиева.

Сонымен қатар, ол аталған пиктограммаларда жүкті әйелдердің түсік тастау қаупі және терінің уақытынан бұын қартаюына шылымның әсер ететіні туралы ескертілетінін атап өтті.

Бұдан өзге, Департамент директоры Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде Кедендік одақ және ЕурАзЭҚ шеңберінде пиктограммалар қолдану практикасын енгізуге белсенді атсалысуда екенін хабарлады.
http://www.baq.kz/kk/news/26798

Рубрика: