Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 21 сәуір. Baq.kz – Жуырда елімізге Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл-Халифа бастаған бір топ делегация келіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайта түскен болатын. Алайда, Қазақстанда «халал су» мен «халал ТККО» (техникалық қызмет көрсету орталығы) бар екенін естігенде олар таңданысын жасыра алған жоқ.

«Судың барлығы халал. Мұндай киелі нәрсені бизнеске айналдыруға болмайды» дейді Бахрейн корольдігінің өкілі Ибрахим Мұхаммед Әли Зайнал «Мегаполис» газетіне берген сұхбатында.
Бахрейнде «халал» индустриясы Әділет және ислам қатынастары министрлігіне қарайды. Алайда аталған ведомствоның қатал бақылауы «халал» индустрияға қажет емес. Өйткені, жергілікті кәсіпкерлер ісіне адал дейді делегация өкілі.
Қазақстанда судың да, кәмпиттің де, пістенің де, тіпті көлікке техникалық қызмкет көрсету орталықтарының да «халал» болатынын естіген ол жағасын ұстап, таңданысын жасыра алған жоқ. Оның айтуынша, ішетін судың барлығы да халал, бұл тұрғыда алаяқтыққа жол беруге болмайды дейді араб шенеунігі. Ал, «халал ТҚКО»-ның қалайша халал болатынын түсіне алмаған Әли Зайнал сол күйі еліне қайтты.

http://baq.kz/kk/news/46116

 

Рубрика: