Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 15 мамыр. Baq.kz — Қазақстанда қазақтың саны 65 пайыздан асты. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаиловтың мәлімдемесіне сілтеме жасап, Baq.kz тішісі хабарлайды.

Агенттік төрағасының айтуынша, қазіргі күні Қазақстан халқының саны 16 млн 967,5 мың адамға жеткен. Мұның ішінде қалалықтар – 9314,1 мың (54,9%), ауылдықтар – 7653,4 мың (45,1%). Осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында халық саны 57,8 мыңға (0,3%) өсіп, 2012 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 233 мың (1,4%) адамға артқан.
Республика халқының үлес салмағы бойынша қазақтар –11 млн.058 мың(65,2%), орыстар –3698 мың(21,8%), өзбектер ––511 мың(3%),украиндар –306 мың(1,8%),ұйғырлар –243 мың(1,4%),татарлар –203 мың(1,2%), немістер –182 мың(1,1%) және басқа этностар –776 мың(4,5%).
Дәулетқали Асауов
http://www.baq.kz/kk/news/28297

Рубрика: