АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда әзірге McDonald’s желісі ашылмайды

Астана. 31 наурыз. Baq.kz – McDonald’s жақын арада Қазақстан нарығына кірмейді. Бұл жайында компанияның корпоративті байланыс жөніндегі аға менеджері Джоанна Квятковска Vласти тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2014 жылдың мамыр айында McDonald’s желісі Қазақстанда ашылмайды, мен оны растай аламын» деді Джоанна Квятковска.
Оның айтуынша, компания Қазақстан нарығына шығуды әзірге жоспарлап отырған жоқ.
Айта кетейік, күні кеше McDonald’s фастфуд желісінің 1 мамыр күні Алматыда және 1 майсым күні Астанада ашылатындығы жайында ақпарат тараған болатын. Дерек ең алдымен әлеуметтік желіде пайда болып, кейін кейбір БАҚ беттерінде жарияланды.
McDonald’s — әлемдегі ең ірі фастфуд желісі. Ол 100 шақты мемлекеттің нарығына кіріп, 34 мыңнан астам дәмханасын ашқан. Компанияның негізі 1940 жылы АҚШ-та қаланды.

 

http://baq.kz/kk/news/45216