Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 8 қыркүйек. Baq.kz – Елімізде алтынның көлемі артты. Соңғы сегіз айда алтын-валюталық қор 10 пайызға көбейген. Осы жылдың қаңтар мен тамыз ай аралығында еліміздің халықаралық қоры 95 тен 105 миллиардқа өсіпті.

Ұлттық банктің хабарлауынша, бұл уақыт аралығында жалпы алтын-валюталық қордың 12 пайызға өскені байқалады. Қазіргі таңда Ұлттық қордың активі 9 пайызға артқан. Сәйкесінше кезекті ақшаның құнсыздануы жуық арада орын алмайды делінген Ұлттық банк хабарламасында. Еске сала кетейік, ақшаның айырбастау құнының өзгеруіне мұнайдың әлемдік бағасы әсер етеді. Дәл қазіргі таңда «қара алтынның» бір баррелі 100 доллардан асты.

http://baq.kz/kk/news/52705

Рубрика: