Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

скачанные файлыҚұрметті отандастар!

Бүгін барша Қазақстан халқы біздің Отынымыздың өміріндегі тағдырлы және тарихи оқиғаның қатысушысы әрі куәгері болды.
«Нұр Отан» партиясының XVI-ші съезі бір ауыздан
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезекті мерзімге Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсынды.
«Нұр Отан» партиясы съезінің шешімі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын 2015 жылы өткізу туралы бүкілхалықтық қолдауға ие болған бастамасының терең негізділігінің және заңдылығының айғағы болып табылады.
28 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан өзінің кандидатурасын кезектен тыс Президент сайлауына ұсынуын сұраған болатын.
Бұл қадамға біздің еліміз бен оның халқының болашағы алдындағы жоғарғы жауапкершілік, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін, ертеңгі күнге деген нық сенімді, жұмыс орындарын және әлеуметтік кепілдіктердің, жалақы мен шәкіртақының сақталуын қамтамасыз етуге деген ниет түрткі болған еді.
Біздің осы бастамамызды қолдап мыңдаған азаматтар, ірі өндіріс ұжымдары, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және этномәдени бірлестіктер үн қосты.
Осы арқылы Қазақстан халқы жүргізіліп отырған салиқалы ішкі және сыртқы саясатқа толық қолдауын білдірді, жоғары азаматтық жауапкершілік пен патриотизм үлгісін танытты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасының Қазақстан Президенттігіне ұсынылуына ерекше ықыласпен қолдау білдіреді.
Бұл қадам мемлекет пен қоғамның нақты іс қимыл жоспары – «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының жүзеге асуының, жауапты, тұрақты және салмақты ішкі және сыртқы саясатымыздың әрі қарай іркіліссіз іске асуының бірегей шарты болып табылады.
Нұрсұлтан Әбішұлының Президент сайлауына қатысуы – бұл патриоттық акт, елдің тұтастығын сақтауда, мемлекетті әрі қарай дамыту мен азаматтардың әл ауқатын арттырудың басты міндеттерін шешу үшін экономиканы тұрақтандырудың, азаматтық жарасым мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың қуатты бастауы болып табылатын азаматтық парыз бен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел алдындағы абыройы, оның саяси даналығы мен терең тәжірибесі, оның тұлғасына деген ел сенімі сайлау науқанының лайықты деңгейде өтіп, Қазақстан азаматтарының еркін таңдау жасауына кепіл болатынына сенімдіміз.
Біз, қазіргі Президентіміздің кандидатурасының ұсынылуы халықаралық қауымдастық үшін қазақстанның сыртқы – бейбітшілік пен келісім саясатының, сенім мен тиянақтылыққа негізделген саясатының өзгеріссіз қалатындығына салмақты дәлел болады деп санаймыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы келешек алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, халық пен елдің биік мүддесін ескере отырып, азаматтық және патриоттық парызын орындау мақсатында еліміздің барлық азаматтарын кезектен тыс президент сайлауына белсенді түрде қатысуға және дауыс беру арқылы еркін білдіруге шақырады.
Біз барша Қазақстан азаматтарын болашақ ұрпақ үшін, еліміздің гүлденіп дамуы үшін өзінің конституциялық құқығын пайдалануға, ерікті таңдау жасауға, сайлауда дауыс беруге, біздің еліміз бен қоғамымыздың тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосуға шақырамыз.

Астана қаласы, 2015 жылғы 11 наурыз

Рубрика: