Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

684783552bc6a4091e21703f6c5d96b8Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сізді және Сіз арқылы – барша Қазақстан халқын – 2015 жылғы президент сайлауындағы айқын жеңісіңізбен құттықтайды.
Ассамблеяның осы сайлауды өткізу жөніндегі бастамасы халық еркінің айшықты көрінісіне айналды, Қазақстан халқының тұрақтылыққа, жарқын келешекке деген ұмтылысын, Сіздің әлеуметтік-экономикалық прогресске, тұрақты дамуға, қоғамдық келісім мен ел бірлігіне бағытталған салмақты саясатыңыздың әрі қарай жалғасуына деген ниетін паш етті.
Сіздің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатыңыз, Қазақстанның барлық азаматтары үшін қазіргі заманғы мемлекет құруға бағытталған бес институционалды реформаңыз, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяңыз, Қазақстанның дамуының стратегиялық басымдықтарының экономикалық, әлеуметтік, дүниетанымдық негізін қалыптастырып оны іске асырудың саяси тетіктерін қамтамасыз етуді қажет еткен болатын.
Сіздің басты халықаралық ұйымдар мен әлемдік деңгейдегі көшбасшылар, сондай-ақ миллиондаған қарапайым адамдар тарапынан қолдауға ие халықаралық беделіңіз еліміздің халықаралық қоғамдастыққа сәтті интеграциялануының шарты және Қазақстанның қауіпсіз дамуының кепілі болып табылады.
Орасан экономикалық жетістіктер, халықтың әл-ауқатының артуы, тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім барлығы да ел ішінде Сіздің атыңызбен байланысты.
Сіздің сайлаудағы салтанатты жеңісіңіз Қазақстан халқының Сіздің басшылығыңызбен экономикалық, әлеуметтік дамудың жаңа белестерін бағындыру ниетін білдіреді.
Қазақстан халқы тарихи таңдау жасады және ел дамуының ең күрделі кезеңдерінен мемлекетті сенімді түрде алып шыққан өзінің Елбасына дауыс берді.
Біз Сіздің саяси көшбасшылығыңыз бүгінгі күні қалыптасқан ғаламдық ахуалдан және мемлекет дамуы мен Қазақстан халқының қалауынан туындайтын міндеттердің объективті баламасыз шешімі деп мәлімдейміз.
Сайлау нәтижелері Сіздің толық, талассыз беделіңізді көрсетті. Нұрсұлтан Әбішұлы Сіз барша халықтың жоғары сенім мандатына иесіз.
Осы сайлауда елімізде азаматтардың бұрын соңды болмаған саяси белсенділігі тіркелді. Бұл ел азаматтарының сайлаудың ашық, әділ, транспарентті және халықаралық стандарттарға, еліміздің заңнамасына толық сәйкес өтуіне ынтасы және қолдауы деп білеміз.
Біз осы сайлау ел тарихында сенім, ашықтық, барлық саяси күштердің өзара құрметі атмосферасында өткен сайлау науқанының жарқын оң тәжірибесі ретінде қалатынына сенімдіміз.
Электоралды процеске Сіздің сенімді өкіліңіз ретінде; сайлау штабының мүшесі ретінде; сайлау науқанын елге таратқан журналистік топ құрамында; сарапшы және қарапайым дауыс беруші ретінде қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері сайлаудың жоғары ұйымдастырушылық деңгейі туралы, барлық сайлау комиссияларының жұмысы туралы, халықаралық бақылаушылармен конструктивті әріптестік туралы жаппай мәлімдеуде.
Сіздің бастамаңызбен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын өткізу, осы жыл аясында ұйымдастырылған Ассамблеяның – «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы», «20 ізгі іс», «Менің Қазақстаным» пойызы» республикалық акциялары сайлау науқанын ұйымдастырудың ұтымды тұстарына айналды. Миллиондаған азаматтар Ассамблеяның азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, әлеуметтік ынтымақтастық және ел бірлігі жөніндегі жұмысына тікелей үлес қосты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы сайлау процессінің жоғары нүктесіне айналды, қазақстандық патриотизмнің, ел бірлігінің, толеранттылық пен біздің халқымыздың ашықтығының үздік үлгілерін және ең бастысы Сіздің саясатыңыздың салтанат құруын және халықтың Елбасыға деген шексіз сенімін паш етті.
Өткен сайлау Қазақстан халқының бірлігін және тұтастығын, азаматтарымыздың өз тағдырын дербес шешуге деген ынтасын көрсетті.
Дауыс берушілер саны ел тарихында бұрын болмаған рекордтық көрсеткішке ие болды!
Қазақстан халқы келешек алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, халық пен елдің биік мүддесін ескере отырып, азаматтық және патриоттық парызын орындау мақсатында таңдау жасады.
Бұл таңдау халықтың көшбасшысы – Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеңісіне айналды!
Бұл Қазақстан халқының жеңісі! Еліміздің әрбір азаматының жеңісі!
Біз Сіздің басшылығыңызбен мемлекет пен Қазақстан халқы барлық алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, гүлденген елге айналатынына толық сенімдіміз!

Астана қаласы,
2015 ж. 27 сәуір

Рубрика: