Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан соты онлайн құмар ойыны қызметін көрсететін және «зұлымдық және зорлық-зомбылықты насихаттайтын» ондаған интернет ресурсты жабу туралы шешім шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан байланыс және ақпарат агенттігі ақпараттық кеңістікті бақылау департаментінің хабарлауынша, 10 қыркүйекте Есіл аудандық соты агенттіктің шетелдік интернет ресурстарын онлайн құмар ойындары қызметін көрсететін ресурстар деп тану туралы шағымын қараған.

Сот 54 интернет сайтты «онлайн құмар ойыны қызметін көрсетеді» деп, 10 интернет ресурсты «зорлық-зомбылықты насихаттайды» деп танып, ел аумағында бұл сайттарды жабу туралы шешім шығарған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140911/330/330.html?id=26577472

Рубрика: