АЛТЫНОРДА
Регионы

Қазақстан Самоамен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты

Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасы мен Самоа тәуелсіз мемлекетінің тұрақты өкілдері деңгейінде бірлескен коммюникеге қол қою арқылы екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімова, ал Самоа тәуелсіз мемлекетінің тарапынан осы елдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Али’иоаига Фетури Элисая қол қойды»,-делінген хабарламада.

Самоа – Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан аралды мемлекет. 1962 жылы Жаңа Зеландиядан бөлініп, егеменді мемлекет жарияланды.

http://www.egemen.kz/2013/02/14/359245/