Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астанадағы Назарбаев орталығында өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс VII құрылтайында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының жаңа бас мүфтиі болып Ержан Малғажұлы Маямеров сайланды, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі.

Құрылтай Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің бастамасы бойынша шақыртылды. Бас мүфти өзінің отставкаға кететіні туралы хабарлаған болатын.

Кезектен тыс құрылтайда дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі болып Ержан Малғажыұлы Маямеров сайланды.

Кезектен тыс құрылтайға 170-тен астам адам – облыс имамдары, ҚМДБ және Дін істері агенттігінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан ғылыми интелигенциясының өкілдері қатысты.

Маямеров Ержан Малғажыұлы 1972 жылы 16 желтоқсан күні дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдады. 1991-1993 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеді. Сол жылы Мысырдағы Әл-Азһар Ислам университетінің «Шариғат және заң» факультетіне оқуға қабылданып, 2006 тамамдады. 2006-2008 жылдары аралығында Мысыр елі муфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жалғастырды. 2011 жылы 10 қазан күні Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің ұйғарымымен Маямеров Ержан Малғажыұлы ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы болып тағайындалды. Үйленген 3 баласы бар.

Ержан Маямеров Семей өңірі бойынша өкіл имам болып жұмыс істеген. Ол қазаққа жақын дәстүрлі исламның жақтаушысы болып табылады. Шығыс Қазақстан облысындағы діни ахуалды жариялауға көмектескен. Бірнеше тілді жетік меңгерген. Бұқаралық ақпарат құралдарында әртүрлі тақырыптағы мақалалары жарияланған. Бұл тағайындауына дейін әртүрлі шараларға белсенді атсалысып, имамдарға арналған семинарларды ұйымдастырған. Экстремизм мәселелерін талқылауға арналған кездесулерге қатысып, мұсылмандардың әлеуметтік мәселелері мен жастар тәрбиесіне мән бере отырып, Шығыс Қазақстан облысындағы елді мекендерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Кенжекей Тоқтамұрат


«www.bnews.kz».

Рубрика: