Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ramazan2011Құрметті бауырлар!

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – қасиетті Ра­мазан айы мүбәрәк болғай! Оразаға аман-есен жет­кіз­ген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар бол­сын!

Алла тағаланың теңдессіз сыйы – Отанымыздың Тә­уелсіздігін баянды ете түсу үшін көзі ашық, көкірегі ояу, ел қамын ойлайтын әрбір азаматқа артылар сенім мен талап зор. Бұл қадам әртүрлі саладағы тапсы­рыл­ған істі атқаруға тиіс барша қазақстандықтарға үлкен жа­уапкершілік жүктейді. Мемлекеттің мерейін үстем ету жолында әлемдік тәжірибенің ең озығы мен ең жаңашылын таңдап алу үшін елдің әрбір азаматынан білімділік пен біліктілік талап етіледі.

Елді ілгері сүйрейтін ілкімді істердің іргетасы із­гі­лік­ке, имандылыққа, әділдікке, адамгершілікке құ­рыл­ма­са, Алланы танып, Ұлы Жаратушы алдындағы жа­уап­кершілікпен ұштаспаса, елдік мақсат толық орын­­далмайтынын баршамыз байқап бағамдадық. Қы­­зымыз – салиқалы, ұлымыз ұлықты болмай, ұлы мұ­рат­қа жете алмайтынымызды сезіндік. Білімді де білікті де­ген азаматтың нәпсісіне тұсау сала алмауы, ке­ле­ше­гі­нен үміт күткен бозбала мен бойжеткеннің иман мен иба­лықтан алшақтауы, өзін-өзі өлтіру, араққұмарлық, жем­қорлық, зинақорлық, нашақорлық т.б. сынды дерт­тің дендеп кетуіне негізгі себептің бірі рухани дағ­дарыс екеніне көзіміз жетті. Данышпан Абай айтқан «жақ­сы мен жаманды айырмау, ынсап, ұят, иман, ар, на­мыс, сабыр, талап» етпеу адамды тежеусіз нәпсінің құ­лына айналдырмақ. Біз бұрын-соңды естіп көрмеген бұ­за­қы іс-әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрсетіліп, жариялануда. Мұның бәрі Жаратушы Иеміздің шариғатын сақтамағандық екені айтпасақ та түсінікті.

Қымбатты отандастар! Біз бүгінде тәуелсіз елі­міз­дің жар­қын болашағы үшін қызмет ететін білімді, иман­ды, иба­лы, Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жа­уап­кершілігі жүк­телген заманда өмір сүріп отырмыз. Иман бұ­ла­ғы­нан сусындаған адам арына дақ тү­сір­мейді. Өйткені ислам адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге үн­дейді. Дәстүрлі діндердің мақсаты – ізгілік пен адам­гер­шілік. Осы орайда баршаңызды қа­сиетті Рамазан айын игі істермен, Жаратушыға жа­қын­дататын қайы­рым­дылықтармен, мұқтаж жандарға көмектесумен, же­тім мен жесірге, қарттар мен мүге­дек­терге мейірім та­нытып, өзара түсіністікпен өткізуге ша­қырамын. Алла тағала қасиетті Құранда: «Жақ­сы­лықта, тақуалықта бір-біріңе көмектесіңдер», – деп бұ­йырған («Мәида» сү­ресі, 2-аят).

Рамазан – тәрбие айы, жасаған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы Иеміздің жа­рыл­қауына, рақымына бөленетін ай. Олай болса, Ал­ла­ның теңдессіз сыйына ізгі де қайырымды іс-әре­кет­терімізбен қол жеткізуге аянып қалмайық! Иман­дылығымызды күшейте түсейік!

Қасиетті айдың құрметіне тойларда, кештерде арақ-шарап ішілмесе, артық ысырапшылдыққа жол бе­рілмесе, азық-түлік бағалары төмендетілсе, халыққа қыз­мет етудің барлық түрлеріне жеңілдіктер жасалса, мұқтаж жандарға көңіл бөлінсе, Алла разылығы үшін берілетін ас-тағамдар ауызашарлар кезінде берілсе деген ізгі ниетіміз орындалса нұр үстіне нұр болар еді.

Осы Үндеу ерекше мейірімді, құдіреті күшті Алла та­ғаланың разылығы мен рақымына, берекесі мен шапағатына еліміз бөлене берсін деген асыл арман, ұлы мұраттан туған ізгі мақсат еді. Жарылқаушы айда жа­саған ізгі ниет пен амалдарыңыз басқа да айларда жал­ғаса бергей! Алла тағала баршамыздың екі дү­ниеде де жүзімізді жарық еткей! Еліміз аман, жұртымыз ты­ныш болғай! Әмин!

 

http://alashainasy.kz/dat/44277/

Рубрика: