Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мүгедектер құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Конвенцияны БҰҰ бас ассамблеясы 2006 жылы желтоқсанда қабылдаған.

Конвенция бойынша, құжатты мақұлдаған мемлекеттер мүгедектердің жеткілікті түрде өмір сүруі мен әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз етудің заңдық және басқа да қажетті шараларын жасауы тиіс. Бұған қоса конвенцияға қатысушы елдер мүгедектерді қандай да бір кемсіту әрекетіне тыйым салып, одан құқықтық түрде қорғауы тиіс.

Қазақстан мүгедектер құқығы туралы конвенцияға 2008 жылы қол қойып, мүгедектерді қоғамға кіріктіру міндетін мойнына алған. Бірақ билік өкілдері бұл міндеттеме әлі толық орындалып жатпағанын айтады.

Қазақстанда жарты миллионнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26859517

Рубрика: