Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

9Бүгін Киев қаласында «Украина болашағы туралы стратегиялық диалог» атты Дүниежүзілік экономикалық форумның Өңірлік отырысы өтуде. Қазақстан атынан Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысуда. 

Отырыста елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының артықшылығын баяндайтын «Болашақ Украинаның сценариі» жобасы талқыланып жатыр. Нәтижесі 2014 жылғы қаңтарда Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы отырысында белгілі болады.
Қазақстан мен ДЭФ арасындағы серіктестікке 2008 жылы Мысырда өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға ҚР Президентінің қатысуы игі ықпал етті. Форум барысында  Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен ДЭФ атқарушы директоры Клаус Швабаның екі жақты келіссөзі өткен болатын.
ЭБЖМ Дүниежүзілік экономикалық форуммен тығыз байланыс орнатты. Мәселен, Министрлік бәсекеге қабілеттілік индексін анықтау әдістеріне байланысты ДЭФ сарапшыларының қатысумен жыл сайын семинарлар өткізіп отырады.
ДЭФ-тің «2013-2014 жылдардағы бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі» рейтингісінде Қазақстан алдыңғы жылмен салыстырғанда өз позициясын 1 пунктке жоғарылатып (2012-2013 ж.ж рейтингіде Қазақстан 51 орында болды), 50 орынға жайғасты.

 

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/34508

 

Рубрика: