Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

f013c99cc74048f845f4d1258c23484cКеше Ресей Президенті Владимир Путиннің елімізге мемлекеттік сапары басталды. Сапар барысында екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылады және ТМД мемлекеттері басшылары  Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырыстары өтеді деп жоспарлануда.  Путиннің бұл сапарының ресми БАҚ қанша жерден тек Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастармен байланыстыруға тырысқанымен көпке беймәлім тұстары көп секілді.

Соның бірі – Украина мәселесі. Бұлай деуіміздің басты себебі Ресей Президентінің елімізге Украина жетекші Петр Порошенконың сапарынан соң іле-шала келуі. Естеріңізде болса, П. Порошенко мен Н.Назарбаев Украина мен Қазақстан арасындағы экономикалық қатынастарға байланысты бірқатар келісімдерге қол қойған болатын. Бұл келісімдер соңғы жылдары күрт төмендеп кеткен екі ел арасындағы сауда қатынастарына жан бітіреді деп күтілуде. Себебі Қазақстаннан Украинаға көгілдір отын мен көмір жеткізу бойынша мәселелер көптің назарын аудартты.

Қазақстандық өнімді Украинаға жеткізетін қатынас жолдарының барлығы Ресей арқылы өтетінін ескерсек Путин сапары барысында Президент Назарбаев осы мәселелер бойынша ресейлік әріптесімен бірқатар мәселелерді талқылайтыны сөзсіз.

Украина жетекшісі, сонымен қатар, өз сапары барысында Қазақстанда АН маркалы ұшақтарын құрастыру мәселесін де қарастырғаны белгілі. Ол келісімдер сәтті жүзеге асқан жағдайда елімізде ұшақ құрастырумен айналысатын біріккен кәсіпорындар ашылмақ. Әуе көлігі, оның ішінде әскери ұшақтар мен тікұшақтар өндіру мен сату ісінде өзін теңдессіз импортер санайтын Ресейдің бұл нарықта да өз мүддесі жоқ дей алмайсыз.

Ресей басшылығының наразылығын тудыруы мүмкін тағы бір жәйт – Қырымның аннексиялануы туралы Қазақстанның мектеп оқулықтарында кеткен саяси қатеге байланысты дау. Естеріңізде болса, 10-сынып оқушыларына арналған география оқулықтарындағы Украина территориясының аннексиялануының «Қырымның Ресейге қосылуы» деп бағалануы Украина тарапынан наразылық туғызып, еліміздің сыртқы істер министрлігіне арнайы нота тапсырылған еді. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі дауға дер кезінде араласып, мектеп оқулығында кеткен саяси қателікті мойындағаны, ол оқулықтарды жарамсыз деп танығаны да ұмытыла қойған жоқ. Енді Астананың Қырым мәселесіндегі бұл екі-ұшты ұстанымы Мәскеу билігінің шымбайына батудай-ақ бататынын аңғару қиын емес.

В. Путин сапары барысындағы елеусіздеу оқиға деуге келмейтін тағы бір жағдайды айтпай кетуге болмас. Ол – Ресей Президентінің сапарының алғашқы күні Астанадағы әулие Успенский кафедралды соборына бас сұғуы. Екі елдің ақпарат құралдарында В.Путин соборға әулие Богородица иконасын сыйлап, шырақ жақты деп хабарлануда. Бүгінде кеңестік империяны көксеген «Орыс әлемі» бағдарламасы орыс-православие шіркеуі арқылы белсенді түрде насихатталып отырғанын ескерсек, В. Путиннің Қазақстанның бас соборына бас сұғуы ел тұтастығы мен ұлт бірлігіне сызат түсіруді көксейтін әлгіндей арампиғылдылардың қолтығына су бүркіп жүрмей ме деген де ойға қаласыз.

Дархан Мұқан

 

«Қамшы» сілтейді

 

Рубрика: