АЛТЫНОРДА
Депутаты парламента

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРА АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗАРА СЕНІМДІ НЫҒАЙТУ КЕЛІСІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

imagesБүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Келісімнің мақсаты тату көршілік пен достық қатынастарды дамыту, ұзақ мерзімді тұрақтылық жағдайын сақтау, мемлекеттік шекара ауданындағы өзара сенімді нығайту болып табылады.
«Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылып отыр. Осы келісімге 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған. Келісімді ратификациялаудың мақсаты — мемлекеттік шекара бойынша өзара сенімді нығайту, қарсы әрекеттердің жолын кесу, мемлекеттік шекарадағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтауа, шекаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік шекараны күзету бойынша тәжірибе алмасу. Осы келісім қауіпсіздікті нығайтуға, тыныштықты сақтауға, Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы аумағында тұрақтылықты және Орталық Азия аймағында бейбітшілікті сақтауға маңызды үлес қоспақ», — деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР ҰҚК комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Дархан Ділманов.
Айта кетейік, заң жобасы Қарулы күштердің және шекаралық ведомстволардың әскери бөлімдерінің арасындағы байланысты дамытуға, консультациялар өткізу және келісілген іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

http://zhebe.com/