Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_5d7039b538dabd200e073415953dd7b5Астана. 1 шілде. Baq.kz — Қазақстанның эволюциялық даму жолында революциялық реформалар жүргізіп, уақытты басып озуда. Бұған 2013 жылы «Болашақ — 2050: Әлемнің
жаңа саяси-экономикалық картасы» атты зерттеу жүргізген «Дағдарыстан кейінгі әлем» тәуелсіз сараптамалық Қоры орталығының зерттеулері дәлел, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл зерттеуге 5 құрлықтың 68 елінен 303 сарапшы қатысқан. Зерттеу барысында сарапшылардың алдына «2050 жылға таяу әлем бойынша қандай энергетика үстемдік етеді?» және «Жаңа әлемдік тәртіп орнату арқылы шектеулі табиғи қорлардың мәселесі шешіледі ме?» деген сауалдар тасталып, сарапшылардың көпшілігі сөзссіз эволюциялық даму жолын таңдаған еді.
2050 жылға дейін көптеген елдердің реформаларында жаңа өзгерістер болуы мүмкін. Осы реформалар әлемдік нарыққа тиімді жолмен ыңғайлы орнығу, бірқалыпты даму, тұрақтылықты сақтап қалу және ішкі қауіпсіздік мәселелерін қамтуы тиіс. Ол үшін: серпінді инфраструктуралық жобалардың болуы, мемлекеттік басқарудың ерекше сапасы мен адам капиталының өсуіне басымдық берілуі тиіс.
нОсы шарттарды ескере отырып, реформаларына батыл өзгерістер еңгізіп және тамаша нәтижелерге қол жеткізетін алғашқы мемлекеттер жаңа көпполярлы әлемнің геосасаяси таралымында жеңіске жететіндігі сөзссіз.
«Дағдарыстан кейінгі әлем» тәуелсіз сараптамалық Қоры орталығы зерттеулерінің нәтижесі 2050 жылы «үлкен қайта бөлініс» болатындығын, сонымен қатар «күн астындағы орынға» таластың күшейетіндігін көрсетіп отыр. Сол үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан – 2050» Стратегиялық жаңа бағыты тек қана өзектілік емес, біздің еліміз үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясында жүктелген серпінді экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттер осы бағытты тұрақты ұстанып келеді. Соның салдарынан, Қазақстан тек қана әлемдік үрдістерді алдын ала болжап қана қоймай, оларды басып озуда.
http://www.baq.kz/kk/news/31511

 

Рубрика: