АЛТЫНОРДА
Новости

«Қазақстан» арнасында «Ұлжан» телехикаясы

434_b52e0f22cc11ddb115bc2f54451b1e90Астана. 27 тамыз. Baq.kz «2013 жылдың 16-қыркүйегінен бастап, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21.50-де Ұлттық арна эфирінен «Ұлжан» атты жаңа телехикая көрермендерге жол тартпақ»-деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» рспубликалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы

«Ұлжан» телехикаясы — қарапайым қазақ отбасындағы хикаяны шынайы оқиға мен қазақи драманы орайластыра баяндайтын туынды. Бас кейіпкер – тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жүк артқан, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз дәулетті кәсіпкерге айналған қазақтың келіншегі. Өмірдің ащысы мен тұщысын, қиындығы мен машақатын қатар алып жүріп, балаларын тәрбиелеген, туған-туыстың арасындағы беделі мен арын ойлаған ананың бейнесі. Бүгінгі қоғамда әйелдің алатын орны мен шынайы өмірден алынған оқиғаларға толы хикая.
Тағдыр тәлкегіне мойымаған қазақ әйелінің тағдыры ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. 16- қыркүйекте «Қазақстан» ұлттық арнасынан отандық телехикаяны жіберіп алмаңыз.
http://www.baq.kz/kk/news/34628