Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жамбыл облысында алты адам мерт болған «Ан-2» ұшағы апатына сол күнгі ауа-райының қолайсыздығы — тұман себеп болуы мүмкін деген болжам айтады «Қазақмыс» компаниясы. Апат себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған.

«Ан-2» ұшағы қаңтардың 20-сында түстен кейін Шу ауданының аумағында құлаған. Балқаштан Шатыркөл кенішіне ұшып бара жатқан ұшақ бортында «Қазақмыс» компаниясының төрт қызметкері мен экипаждың үш мүшесі болған. «Қазақмыс» пен оған қарасты «Балхашцветмет» кәсіпорнының үш қызметкері және экипаждың үш мүшесі қаза тапқан. «Балхашцветмет» кәсіпорнының бас геологы А.Шаяхметова тірі қалып, жарақатпен ауруханаға түскен.

«Қазақмыстың» хабарлауынша, ұшақ «Олимп Эйр» компаниясына тиесілі болған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150121/330/330.html?id=26805010

Рубрика: