Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

e03f57846a3c57f9d982cc04e152d0a4Қазақ жерінде 400-ден астам түрлі сынақ полигондары жүргізілгендіктен топырақтың улануы жоғары деңгейге жеткен. 
Кеңес дәуірінің кезінде Чернобль апатының аумағын зарасыздандыру жұмыстары 18 жыл бойы тоқтаусыз жалғасып, ақырында тиісті нәтижеге қол жеткізілген. Мамандар аумақтың қауіпсіздігін бүгінде сол жерге қияр өсіріп, пайдаланудың ағзаға еш зиянының жоқтығымен дәлелдеп отыр. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына енуге өтініш берген Қазақстан алдымен уланған даланы зарарсыздандырумен айналыспаса, ертеңгі күні бүкіл Еуропаны шулатуы мүмкін.

Кеше елордада «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында қабылдау жүргізген Ұлттық Ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа «Экосфера –Қазығұрт» халықаралық ғылыми орталығының президенті, биология және экономика ғылымдарының докторы, академик Аманбек Ақайұлы осындай мәселені көлденең тартты. Оның айтуынша, аталған салада, яғни ғарыштық ұшырулар мен сынақтар кезінде уланған топырақты тазартуда ресейлік ғалымдардың  тәжірибесі терең. Олар өздерінің аумақтарындағы зиян шеккен жерлерді түрлі ғылыми әдістер арқылы тазартып, экологияны қалыпты дәрежеде ұстауға көңіл де, қаржы да бөліп келеді. Ал бізде керісінше. «Егер мұны жақын уақытта қолға алмасақ, ертең Дүниежүзілік сауда ұйымына енер кезде үлкен кедергіге ұшыраймыз,–дейді биолог ғалым. – Себебі Украина ДСҰ-ға өтіп, өз өнімдерін Еуропа нарығына шығарғанда олардан зиянды заттар тіптен мол кездескен. Әрине, ондай тауарды талабы тым қатал әлемдік нарыққа енгізбейді, есесіне отандық өнімдерге деген кері көзқарас қалыптасып, оның орнын импорттық тауарлар басуы әбден мүмкін. Қазір Украинадағы ахуал соны көрсетіп отыр. Егер біз уланған топырақты зарарсыздандыруды Үкіметтік деңгейде шешпесек, әлгілердің күйін кешетініміз анық.

Ғылыми орталықтың зерттеуінше, тазалау жұмыстары қаншама жылдар бойы қолға алынбағандықтан қазақ жерінде уланған аумақтар тіптен көп. Жердің ғана емес, елдің де тағдырына тікелей қатысты мәселені жан-жақты зерттеген ғалымдар тобы «Агроэкологиялық қауіпсіздік» деп аталатын бағдарлама жасап, 27 институттың қортынды шешімін алыпты. Соған сәйкес зарарсыздандыруды алдымен Семей өңірінен бастау керек. «Мұнда нешеме уақыттан бері полигон сынақтары тоқтамағандықтан оның зияны топырақтың терең қабатына дейін өтіп, ауыр да улы металдар жер қыртысындағы су көздерін де ластап тастаған. Салдары төңіректегі адамдарға қалай әсер етіп жатқандығын бәріміз де көріп жүрміз. Бұрындары халқымызда небәрі жиырмашақты ғана ауру болса, қазіргі кезде 2,5 мыңнан асады. Кешегі құлаған «Протоннан» төгілген гептилдің де зардабы орасан. Зарасыздандырумен айналысып жатқан ресейлік ғалымдар тек топырақтың сыртқы қабатын ғана тазартуы мүмкін. Осыны терең өңдеуге Үкіметтің өзі мүдделілік танытып, қажетті қаржыны бөліп, мамандар тобын тартуы керек» дейді Аманбек Ақайұлы.

 

Ғалымның ұсынысын тыңдаған Т.Мұсабаев Байқоңырдың маңыздағы тазарту жұмыстарымен ресейлік ғалымдардың айналысып жатқандығын жеткізді. Алдағы уақытта да зарасындандыруды тұрақты және кең көлемде атқару қажеттілігін қолдайтындығын білдірді. Енді ғылыми орталық жетекшісінің сараптамасымен танысып, арнайы талқылау жасайтындығын айтып отыр. Дегенмен, зарарсыздандыру ісінің қашан қолға алынатындығы белгісіз…

 

Отыз жыл өмірін әскери салада өткізген инженер Шынықұл Өзбеков агенттік төрағасынан жұмыс сұрап келіпті. Авиация инженері кәсіп іздеп барған мекемелердің барлығы арқасынан қағып шығарып салатындығына ренжулі. Өзбеквтың ойынша, жұмысқа тұра алмауына «жасы кінәлі» екен. Өйткені,  қаншалықты кәсіби маман болса да елуден асқан азаматты ешкім жолатқысы келмейді. Сондықтан да ол Астанада қолқусырып қарап жүргенше, отбасының мұқтаждығын шешу үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағына барып, күнкөрістік қызметке орналасуға ынталы. Әскери азаматтың мұндай ықыласын естіген Мұсабаев: «Құжаттарыңызды алып, агенттіктің тиісті бөліміне келіңіз. Сөйлесіп көрейік, «Байқоңырға» барып жұмыс істеймін десеңіз, әрине, қолдаймыз» деп қысқа қайырды.

 

Жалпы, ағымдағы жылдың бірінші жартысында «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауына 9 министрлік пен агенттіктің жетекшілері қатысып, 117 азаматты қабылдап, 21-нің мәселесін оңтайлы шешіпті.

Бейсенбай Дәулетұлы, Астана

 

http://www.aikyn.kz/news/view/26772

Рубрика: