Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

знамяПатриотизм мен салауаттылық – дені сау, рухы биік, санасы тәуелсіз жастар қалыптасуының кепілі. 6 қазанда бір топ қазақ жастары «Қазақтар спортты таңдайды!» деген атпен Алматыда алғашқы жүгіріс өткізбек.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүгірістің басты мақсаты – қазақтарды темекі тартудан, арақ ішуден, нашақорлықтан бас тартуға үгіттеу, жүгірістер, марафондар, спорттық шаралар ұйымдастыру және өздерінің жеке қатысуы арқылы барша халыққа үлгі көрсету.

«БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының 2013 жылғы баяндамасында Орталық Азия аймағындағы ең семіз адамдар — қазақтандықтар деп көрсетілген. Деректерге қарағанда, Қазақстандағы ересек адамдардың 24,4 %-ы  семіз. Бұл 3 миллионға жуық азамат немесе елдің әрбір төртінші тұрғынының артық салмағы бар деген сөз.  Бұған қоса, елімізде 5,6 миллионнан астам адам темекі шегеді. Ал тіркелген нашақорлар саны – 30 мың! Демек, ұлт болашағына қауіп төніп тұр!

Сондай-ақ, ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 200 мыңнан астам адам маскүнемдікке шалдыққан. Жақында ғана ұлыбританиялық IWSR ұйымының жүргізген зерттеуі бойынша, Қазақстан арақ ішуден әлемде бесінші орында. Сонда жыл сайын қазақтар 5,9 литр арақ ішеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жан басына шаққанда 8 литрден көп алкоголь өнімін тұтынатын елдердің ұлттық генофонды деградацияға ұшырайды деген қорытындыға келді. Арақтан бөлек, ел тұрғындары жан басына шаққанда жылына 31 литр сыра ішеді. Бұл да әлемдегі жоғары көрсеткіштердің бірі. Қазақстан ұлттық келбетін жоғалтудың аз-ақ алдында тұр!», – делінген жастар мәлімдемесінде.

Айта кету керек, аталмыш жүгіріс форматындағы шаралар әлем бойынша кең таралған. Жүгіріс бейбіт түрде, саяси талаптарсыз, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған. Жастар алғашқы жүгірісті осы жексенбіде, Орталық стадион мен Республика сарайы аралығында ұйымдастыруды көздеп отыр.

Бүгінгі таңда аталмыш шараның әлеуметтік желілерде ресми парақшалары да бар: http://vk.com/event58846641, https://www.facebook.com/events/1390062484558702/?fref=ts. Онда жастар жүгірістің мән-мақсатын, ережелерін, бағдарламасы мен ұрандарын орналастырған. Сонымен, алғашқы жүгіріс Алматыда, 6 қазан, жексенбі сағат 15:00-де.

Жиналу: Орталық стадион (Абай-Шәріпов к-нің қиылысы).

Байланыс телефоны: +7-778-860-35-68, +707-455-42-77

Рубрика: