Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Дулат Хангерей ұлы, Оңүстік Кореяда қазақ тілін оқып жатқан корейліктер бар. Басқа мемлекеттерде Орта Азияны тану кафедралары болғанымен қазақ тіліне дәл кәрістердей маңыз берген мемлекет жоқ көрінеді. 
Бұл бастаманы кәріс ағайындар өз қалауымен қолға алды ма, не түрткі болды екен?
– Қазіргі таңда Корея халқының Орта Азияға оның ішінде Қазақстанға деген қызығушылығы өте зор. Шетелді тану үшін, біріншіден, ол елдің тілін меңгеру өте маңызды. Менің ойымша, корейлер Қазақстанды тану үшін қазақ тілін үйренуде.

Орта Азияны тану кафедрасы Ханкук шетелдік білім университетінде 2004 жылы ашылды. Жыл сайын 15-20 студент қазақ тілін оқып, Қазақстан туралы деректер мен білім алып жатыр.

Аталған университет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланыста және екі университет арасында тіл үйрену бойынша студенттермен алмасу бағдарламасы жүзеге асырылуда.

– Оңтүстік Кореяда білім алып жатқан қазақ жастарына нақты қандай көмек беріліп жатыр? Кореяда алғаш рет қазақ жастарының құрылтайы өткен, осы шара жалғасын таба ма?

– Иә, ісшараға осы елдің түкпір-түкпірінде білім алып жатқан 100 астам жастар қатысқан. Бұл игі шараға ұйытқы болып жүрген жастар бұл басқосуды «Кореядағы Қазақтар құрылтайы – 2012» деп атауды ұйғарыпты. Бұл жиын шетте жүрген қазақтардың бір-бірімен жақын танысуына, әсіресе оқуға жаңадан келіп, туған елді сағынып жүрген студенттердің жаңа достар тауып, өзге мемлекетте өзін жалғыз сезінбеуіне үлкен көмегін тигізді.

Әрине, мұндай шаралар өз жалғасын табады. Елшілік Корея Республикасында тұрып жатқан қазақстандықтармен тығыз қарым-қатынаста. Олардың негізгі бөлігін осы елде білім алып жатқан қазақстандық студенттер (жалпы саны 500 астам) құрайды және олардың басым көпшілігі Корея Республикасының жоғарғы оқу орындарында тұрақты түрде білім алуда болса, қалғандары екі елдің жоғарғы оқу орындарының алмасу бағдарламалары бойынша уақытша оқып жатыр. Студенттер негізінен Сеул қаласында және оған жақын жерлерде орналасқан университеттерде білім алуда. Елшілік оларды жыл бойы өтетін әртүрлі шараларға белсене араластыруда.

Елшілік Корея Республикасында оқып жатқан қазақстандықтармен жиі кездесіп тұрады, атап айтқанда олармен ай сайын кездесулер өткізу дәстүрге айналды. Әр кездескен сайын Корея Республикасында қазақстандықтарға қатысты туындап жатқан мәселелерді, бірігіп ұйымдастырылатын шараларды талқылап, хабар алмасамыз.

Жалпы елшілікке көмек сұрап, өтініш білдіретіндердің көп бөлігін жеке құжаттарын рәсімдеу, сенімхаттар, әртүрлі анықтама алу сияқты консулдық мәселелермен жүгінетін азаматтар құрайды. Оларға тиісті көмек беріліп, өтініштері толығымен қанағаттандырылуда.

– Қазақ жастары арқылы Кореяда Қазақстанның келбетін жасау қаншалықты жүзеге асып жатыр? Бұл сұрақ қаншалықты сіздердің құзырларыңызға кіреді?

– Корея Республикасында елімізді жан-жақты көрсету елшілік жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі болып табылады және корей еліндегі қазақ жастары араласатын шаралар да жүзеге асырылуда.

Сеул қаласында өткен жылы өткен «Korea World Travel Fair –2013» (KOTFA-2013) атты шараға қазақстандық жастар белсене араласып, қатысты. KOTFA-2013 көрмесінде қонақтар еліміздің туристік мүмкіншіліктерімен таныстырылып, оларға Астанада өткізілетін «Экспо – 2017» және жалпы Қазақстан туралы кеңінен мәліметтер таратылды.

Елшілік Сеул қаласындағы Әлемдік мәдени алмасу форумымен (The Global Cultural Interchange Forum) бірлесе отырып, «Чхусок мерекесіне арналған Әлемдік мәдени фестиваль» атты іс-шара өткізді. 100 – ден астам адам жиналған шараның негізгі мақсаты – жиналған қауымға Қазақстан мәдениетін таныстыру.

Қазақ жастары мен корейліктер араласып ежелдегі ойындарды ойнады және сахнада өнерлерін көрсетті. Жиналған қауым қазақстандықтар көрсеткен өнерді, оның ішінде домбырада күй тарту, күй айтысы, қазақ әндері мен ұлттық билерін тамашалады.

– Кореяға барған қазақ жастары заң жүзінде елшілікте тіркелуі керек. Бұл қалай жүзеге асып жатыр? Кореядағы қазақтардың саны қанша? Олар қиын жағдайда қалғанда көмек бересіздер ме?

— ҚР заңнамаларына сәйкес шетелдердегі қазақстандықтар елшілікте тіркелуге міндетті емес. Елшіліктің консулдық бөлімі консулдық тіркеуге алуға өтініш білдергендірді тіркеуге алады.

Корея Сыртқы істер министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес бүгінгі күні Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтардың саны 3 мыңға жуық. Алайда, олардың ішінде қаншасының ұлты қазақ екендігі туралы ақпарат жоқ.

Қиын жағдайға түскен қазақстандықтарға көмек көрсету толығымен елшіліктің құзырында. Тосын оқиғаларға тап болған түскен қазақстандыққа шұғыл түрде көмек көрсетіледі.

– Кореяда ұлттық дәстүрді жаңғыртуға, қазақтың қазынасын көрсетуге талпынған жастарға қол ұшын созасыздар ма? Елшіліктің мұрындық болуымен нақты қандай шаралар өткіздіңіздер?

– Қазақстанның оң келбетін жасауға талпынған жастардың кез-келген бастамасын елшілік толығымен қолдайды және оны жүзеге асыруға бар күшін салуда.

Елшілік Сеул қаласының ең ірі саябақтарының бірі Ханкангда Наурыз мейрамын өткізді. 250 – ден астам қонақтар жиналған шараның негізгі мақсаты жиналған қауымға қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін таныстыру болып табылды.

Қазақстандық жастар сахнада өз өнерлерін көрсетіп, ежелдегі ұлттық ойындар ойналды. Жиналған қауым қазақстандықтар көрсеткен өнерді, оның ішінде тұсау кесерді, домбырада күй тартуды, қазақ әндері мен ұлттық билерін тамашалады. Шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан көзге түскен өнерпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Аталған шарада өнер көрсетуде қазақстандық жастар аса белсенділік танытты.

Өткен жылы Корея Мәдениет және туризм институтының мәдени алмасу бағдарламасы бойынша қазақтың ұлттық аспаптарында ойнайтын Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Кореяның ұлттық театрында өнер көрсетті. Осындағы Азия Қоғамы және т.б. орындарда біздің мәдениетімізді паш ететін шаралар ұйымдастырылды.

 

Әңгімеңізге рақмет!

 

http://baq.kz/kk/news/45001

Рубрика: