Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 06 ақпан. BAQ.KZ. Елбасы Жолдауында «1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды» деген еді. Сағым келешектің жаршысына арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде білім нәрімен сусындап, сырттан үйренгенін елге үлгі қылып әкелетін жастар да қаншама.

 

Енді «Болашақ» бағдарламасы бойынша тек талапкер жастар ғана емес, спортшылар да білім алады. Жалпы, басқа елдерде спортшылар үшін көп жеңілдіктер жасалады. Мемлекеттің намысы үшін сынға түсетін спортшылар көбіне жаттығу залы мен жарыстарда жүріп уақытын өткізіп алады. Оқуға да, жаттығуға да, жарысқа да қатар үлгеретіндері аз.
ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігі спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен меморандумға қол қойып, спортшылар үшін жырақта жүріп білім алуға жол ашты. Спорт менеджерлерінен сабақ алып, тәжірибеден өтуге де мүмкіндік алады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ы талай жылдан бері жастардың мүмкіндігі үшін қызмет етіп келе жатыр. Ендігі ретте, спортшылар үшін де жаңаша мүмкіндіктер жасап жатыр.

http://www.baq.kz/news/22926

Рубрика: