Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

44e5c975ff64cc5a59b6c5c2df360849Алматыда БАҚ өкілдерімен кездескен Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковский мырза екі ел – Қазақстан мен Польша арасын­дағы өзара тиімді экономикалық және сауда байланысына осындай баға берді.

Польша Республикасы елшісінің пікі­рінше, Еуроодаққа енген соңғы тоғыз жыл­­дың ішінде Польша айрықша қар­қынмен дамып келеді. Тіпті соңғы кездегі әлемдік дағ­дарысқа қарсы тұра білген бұл ел – Еуро­падағы экономикасы тұ­рақты дамып келе жатқан мемлекеттер­дің ара­сында алдыңғы қатардан көріне білді. Бұған Еуроодақ елдері арасында бел­гіленген асқаралы міндеттерді жүзеге асыруда Польшаның алтыншы орынға кө­терілуі нақты дәлел болып табылады.
– Рас, Еуропадағы дәстүрлі экономи­касы дамыған көптеген мемлекеттердің арасында біздің мемлекет үшін 2012 жыл экономиканы ілгерілету ісінде анағұрлым табысты жыл болды. Өйткені көптеген елдер дағдарысқа ұшырап, қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп жатқан соңғы 20 жыл­дың ішінде Польшаның эконо­ми­касы төрт пайызға өсті. Мұндай табысқа еселі еңбектің нәтижесінде қол жеткіз­-дік. Шетелдерге тауар шығару, яғни экспорт көлемі де едәуір артты. Бір қуа­ныш­тысы, соңғы жиырма жылда Қазақ­станмен әлеуметтік-экономикалық ынты­мақтастық орнату жағдайында екі елдің алыс-берісі барынша нығайды. Әсіресе, қос ел кәсіпкерлері арасында өзара тиім­-ді әрі берекелі ынтымақтастық орнап, бұл бағытта да ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды. Нақтырақ айтқанда, 2013 жыл­дың қаңтары мен қыркүйегі аралығын­да Қазақстан мен Польшаның арасын­дағы тауар айналысының көлемі 909 962, 7 мың АҚШ долларын құраса, Қазақстаннан біз­дің елге 558 427,8 мың АҚШ долларының тауары тасып жеткізілді. Керісінше, біздің елден Қазақстан халқының игілігі үшін жалпы көлемі 351 534,9 мың доллардың алуан түрлі тұтыну тауарлары тасымал­дан­ды. Атап айтқанда, Польшадан Қазақ­станға алуан түрлі машиналар, механи­калық және электр құрал-жабдықтары, фармацевтикалық өнімдермен қоса, алуан түрлі парфюмериялық және космети­ка­лық бұйымдар әкелінді. Өз кезегінде біз қазақ елінен минералдық шикізат, таби­ғи газ бен көмір, т.б.тауарлар алдық. Әри­не, басты мәселе, сатып алынған немесе импортқа шығарылған бұйымдарда емес. Ең бастысы, соңғы жиырма жылдың ішін­де Польша мемлекеті тәуелсіз Қазақ­станмен тікелей қарым-қатынас орнатып, өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жет­кізді. Бұл – екі ел үшін өте маңызды. Мы­салы, үстіміздегі жылы қазан айының ба­сында Ақтөбеде Польшаның ұлттық көр­ме экспозициясы ұйымдастырылып, оған біздің елден 22 компания өкілдері және ресми делегация қатысты. Көрмені ұйым­дастыруға «Познаньның халықаралық жәр­меңкесі» компаниясының өкілдері мен Польшаның Қазақстандағы елшілігі Сауда және инвестицияға көмектесу бө­лімінің қызметкерлері зор үлес қосты. Сон­дай-ақ 2010 жылы ақпан айында құ­рыл­ған Польша Бизнес клубы да екі ел кәсіпкерлерінің Қазақстанда бірлесіп бизнес жүргізуі жөнінде жан-жақты тәжірибе алмасуына ықпал етіп келеді. Мұның бәрі Польша мен Қазақстанның арасындағы ежелгі ынтымақтастықты ба­рынша ілгерілете отырып, биік белес­тер­-ді бағындыруға жол ашады. Мұның өзі поляк-қазақ достығының болашағы зор екендігінің айғағы, – деді Польша Рес­пуб­ликасының Қазақстандағы Төтенше жә­-не өкілетті елшісі Яцек Ключковский мырза.
Ал Польшаның Қазақстандағы елші­лігінің бірінші кеңесшісі Анджей Стэ­фанский сонау ХІІІ ғасырда Бенедикт По­ляк есімді танымал монахтың еуропа­лық­тардың арасынан тұңғыш рет Азия­ға, оның ішінде қазақтың Ұлы даласына сапарлап келгенін және осы сапары ту­ралы естелік қолжазба қалдырғанын еске алды. – Сол жолғы жазбасында ол Еур­азия­да Алтын Орданың гүлденген дәуірі туралы өте қызықты деректерді келтір­-ген. Батыс ғалымдарының айтуынша, Бенедикт Поляктың дәл осы сапары Ұлы даланың тыныс-тіршілігі, тұрмысы туралы ақпараттарды жинап қана қоймай, Еуро­паны қазақтарға қарай бір адым болса да жақындатуға ықпал етті. Оның үстіне қазіргі күні Қазақстан көпұлтты елге айна­лып отыр. Қазір мұнда біздің ағайын­дарымыз көптеген поляктар жергілікті тұрғындармен тату-тәтті баянды өмір сү­руде. Демек, Қазақстан мен Польша қа­рым-қатынасының тамыры тереңде, ға­сыр­лар қойнауында жатыр. Біздің мақ­сат – сол ежелгі ынтымақтастықты іл­ге­рілету, – деп Анджей Стэфанский өз ойын жеткізді.

P.S.: Сол күні Польша Республикасы­ның Қазақстандағы Төтенше және өкі­летті елшісі Яцек Ключковский мырза елшілік атынан қазақ-поляк қарым- қа­тынасын ілгерілетуге үлес қосып жүрген қазақстандық және польшалық кәсіп­керлерді арнайы жүлделермен мара­пат­тап, оларға Қазақстан мен Польшаның игі ынтымақтастығы мен достық байла­нысын нығайтуда сәттілік тіледі.

Молдахметұлы Жомарт

http://www.aikyn.kz/articles/view/37795

Рубрика: