Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_8d769a95ca4b44efb052997a83b67b71Астана. 21 тамыз. Baq.kz- Тарих – тек, тексіз халықта тарих жоқ. Ал біздің ұлттың тарихы сонау есте жоқ ескі замандардан бері жалғасып келеді. Ел жылнамасы, тіпті, қазақ атауы тарих сахнасына шықпаған уақыттардан көп ғасырлар бұрын пайда болған. Қазақ шежірені адамзаттың бастау басы – сонау Адам ата-Хауа ананың өзінен бастап тарқатады.

Сақтар, Ғұндар, Түркі қағанаты, Қыпшақтар, Алтын Орда, Қазақ хандығы… Осы замандарда тарих көшіне ерген көптеген халықтармен араласты, қарым-қатынас жасады, саяси-экономикалық алыс-беріске барды, жауласты, атысты-шабысты… Енді, міне, ХХІ ғасырдың бір мүшелі өткенде, Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығында ел тарихын ұлттық тұрғыдан зерделеудің жаңаша көкжиектері ашылды. Жоғарыдағы жайттардың бәрі жаңа тарихымызда шынайы сипатталуы тиіс! Әсіресе, мыңжылдықтар бой «қойы қоралас, үйі қонсылас» жатқан қос қапталдағы екі алып көрші – Қытаймен, Ресеймен арадағы қарым-қатынастар оқулық беттерінен қалай көрініс табуы керек? Ал тарихымызда қазақ- қытай, қазақ-орыс қатынастарының әртүрлі шиеліністі кезеңдері аз болмаған. Осы күрделі сұрақты Л.Гумилев атн. ЕҰУ «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығының директоры, т.ғ.д, профессор Зиябек Қабылдиновқа қойған едік.
– Қытай да, Ресей де – Қазақстанмен достық қарым-қатынастағы елдер, біздің сауда-экономикалық әріптестеріміз. Бірақ ақиқаттан ешкім аттап кете алмайды. Біз ешкімнің көңіліне жалтақтамай шынайы тарихты жазамыз. Бізге «былай жаз, былай жаз» деп, ешкім бұйрық та, ақыл да бере алмайды. Оны көршілеріміз де жақсы түсінеді деп ойлаймын,– деп ғалым қысқа қайырды.

Дәулетқали АСАУОВ

Рубрика: