Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_a45b1abb725bdab4a7fb0a36c162d7d6Астана. 5 қыркүйек. Baq.kz – Қытайлық режиссерлер Цзя Джанке мен Павел Чухрай «Үндестік сабақтарын» жоғары бағалап, ең үздік режиссерлік жұмысы үшін марапаттады.  

   Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» 23 пен 30 тамыз аралығында Онтүстік-Сахалинде өткен Халықаралық ІІІ Сахалин кинофестивалінде «Ең үздік режиссерлік жұмыс» үшін мараптталып,  250 мың рубль ақшалай сыйлық алды.

Жүлдені кинофестивальдің жабылу салтанатында «Алтын арыстан» (2006) және Канн фестивалінің ең үздік сценариі үшін жүлделі болған (2013) Цзя Джанкэ ұсынды.

Конкурстық бағдарламада «Үндестік сабақтарынан» өзге халықаралық метрлердің Брильянте Мендосаның «Хэвон ешкімнің қызы емес» және «Сенің құрсағың», ресейлік фильмдерден Борис Хлебниковтың «Ұзақ бақытты өмір» мен Александр Велединскидің «Географшы глобусты ішіп қойды» атты фильмдері қатысты. Ал фестивальдің бас жүлдесін жапондық Рёта Наканоның «Әкемді таңқалдыру» атты фильмі жеңіп алды.
Халықаралық сарапшылар Цзя Джанкэмен қатар әділ-қазылар басшысы ретінде Павел Чухрай және Дзиро Синдо, Евгений Гришковец мен Виктория Толстоганова болды.

 

http://www.baq.kz/kk/news/35198

Рубрика: