Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстан 2017 жылы өз ғарышкерін ғарышқа аттандыруға талпынатын болады. Кеше Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев ақпарат құралдарына осындай мәлімдеме жасады. «Біз өте салмақты және нақты шаралар қабылдап жатырмыз.

Келіссөз үдерісі жүруде. Оңды ілгерілеушіліктер байқала бастады. Біз алдын ала айта аламыз: бұл үдеріс 2017 жылы іске асуы мүмкін» деді «Қазғарыш» басшысы.

Бұған дейін Қазақстан екі ұланын осы миссияға дайындаған болатын. Алайда олардың алдынан кедергілер туды. Оның үстіне оларға ғарыш ке­ңістігінде жүктелетін жұмыстардың ауқымы пысықталып бітпеді. Нәти­жесінде, ұшпаса да, ел аузындағы екеуі­не «ғарышкер» атағы тағайындал­ған. Әйткенмен, Тоқтар мен Талғаттан кейінгі қазақтың нағыз ғарышкері кім болатындығы әзірге жарияланбауда.

– Ол жаққа біздің ғарышкерді жолдау үшін барлық қатысушы елдер ғарышкерлердің бірін қазақстандық­қа ауыстыруға рұқсат етулері керек. Бұл – күрделі мәселе. Мен сіздерге айтайын, ендігі дайын ғарышкер­лер мен астронавтардың кезегі көпте­ген жылдарға созылып жатыр, – деді Т.Мұсабаев.

Ол жақында ғана көк сеңгіріне жол тартқан қазақстандық тұңғыш жерді қашықтықтан зондтау серігі­нің ендігі алғашқы суреттерді жолдай бастағандығын хабарлады.

Әйткенмен, ақпарат құралдарын улы гептилмен ұшатын «Протон» зымырандарын ауыстыру жайы алаң­датқан. Бұл үшін Қазақстан Ресей­мен бірігіп, «Байқоңырда» «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін тұрғы­зуға кіріскеніне біраз болды. Алайда Украинадағы дүрбелеңдер салқыны бұл саланы да «ұрыпты».

«Қазғарыш» басшысы «Бәйтерек» кешенін улы емес отынмен ұшатын «Зенитке» көшіру үшін Қазақстан, Ресей және Украина арасындағы үшжақты келіссөздер талап етілетіндігін алға тартты.

– Қазіргі уақытта «Бәйтерек» зымы­ран ұшыру кешенін құру жобасын «Зенит» зымыраны базасында жүзе­ге асыру жоспарланған. Алайда бұл жобаны тиімді іске асыру үшін үшжақ­ты ынтымақтастық қажет. Осыған байланысты үш елдің ғарыштық ве­домстволары басшыларының кезде­суін ұйымдастыру бағытында жұмыс жүргізілуде, – деді Талғат Мұсабаев.

Ол осы жобаның іске асуына күш сал­мақ, өйткені «Бәйтерек» тек Байқо­ңыр ғарыш айлағы айналасындағы ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан аумағындағы экологиялық ахуал­дың жақсаруына септігін тигізеді. Бұл іске тіпті ел басшыларының араласуы ғажап емес. «Бүгінде қандай саяси оқиға­лар болып жатқанын өздеріңіз біле­сіз­дер. Бұл істе ақырғы сөзді біз айтпаймыз:

бұл анағұрлым жоғары деңгейде ше­шілетін болады» деді ол.

Т.Мұсабаев тағы бір жаңалықты хабарлады: биылғы шілде айында елор­да жанындағы Ғарыш қалашығы іс­ке қосылмақ. «Ұлттық ғарыш орталы­ғын» Елбасының өзі ашуы мүмкін. Ал алдағы 2015 жылы Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылады.

– Бұл жобаны іске асыру нәтиже­сінде ғарыш аппараттарын жобалау, ға­рыш техникасы мен ғарыш аппарат­тарының бөлшектерін кешенді дайын­дау, құрастыру және сынауға арналған жоғарғы технологиялық кәсіпорын­дар құрылады, – деді «Қазғарыш» төраға­сы. Оның айтуынша, осы қалашықта идеядан бастап, оны нақты жоба ретін­де іске асыруға дейінгі түрлі ғарыш­­тық жұмыстар атқарылады. Бұл жобада «Қаз­ғарыштың» стратегиялық әріп­­тесі – «Airbus Defence and Space» фран­цуз компаниясы.

Айхан ШӘРІП

http://www.aikyn.kz/news/view/48568

 

Рубрика: