Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сән мен сымбаты жарасып, ақыл нұры жүзінен төгілген қазақ әйелінің сырт киімдерінің өзі бар тоғанақ. Олар қырмызы тоннан басталады.

Қырмызы тон – қыз-келіншектерге арналып қызыл масатыдан тігілген қаптал шапан.

Белдемше – той-думанда көйлек үстінен киетін сәнді киім үлгілерінің бір түрі. Той киімі ретінде жаңа түскен келінге де арнап тігеді.

Кеудеше – кеудеге киетін сырма, жұқа жеңіл киім.

Кәзекей – жеңі жоқ, жағасы кеңірек ойылған, белден төменірек түсетін, бағалы матадан тігілген жеңіл киім.

Қамзол – көйлек сыртына киетін жеңсіз не шолақ жең сәндік әрі жұқа жұмыс киімі.

Кіреуке – алтын тінді жіппен тігілген аса қымбат, сәнді жібек шапан.

Тізеқап – суықта, аязды күндері киетін ауы, ышқыры жоқ екі балақ.

Ішік – қымбат бағалы аң терісінен тігілген ішіктердің қыз-келіншектерге арналған түрі. Олар манат ішік, жанат ішік деп бөліне береді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

http://massaget.kz

Рубрика: