Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 1 сәуір. Baq.kz — Жалпы, орын алған жағдайды жою үшін 170 құтқарушы, апаттық медицина бөлімшелері, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс полкі және 26 техника, 4 қайық, сондай-ақ, ІІБ 20 адамы мен 4 техникасы, денсаулық сақтау басқармасының 30 қызметкері мен 10 техникасы, жергілікті билік органдарының 10 өкілі мен 3 техникасы жұмылдырылған деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Көкпекті ауылының 125 адамы құтқарылып, оларға ауыл мектебінің асханасында ыстық тамақ берілген. Ал, қауіпті сәттің қарсаңында апатты ауылдың 70 ауласындағы 210-ға жуық тұрғыны мен облыс орталығына қарасты Сұрыптау кентінің 30 ауласындағы 150 адам алдын ала оқшауландырылған. Тек, түнгі сағат 2:45-те деңгейі төмендеген су тасқынысалдарынан 300-ге жуық үйді су басты дегенді айтады мамандар.
Қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн. теңгеден қаражат бөлінеді.
Марқұмдардың жерлеу рәсімдерінің шығынын жергілікті билік өз мойнына алды.
Жағдайды тікелей бақылауына алған облыс әкімі Бауыржан Түйтеұлы кешке кешкісін Көкпекті ауылының тұрғындарымен тағы бір мәрте кездесті. Зардап шеккендердің мұң-мұқтажына құлақ түріп, талап-тілектерін тыңдады. Оларға мүмкіндігінше ауқымды көмектер көрсетілетінін жеткізді

 

http://baq.kz/kk/news/45275

Рубрика: