Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов Ресеймен шекарадағы кедендік бақылау бекеттерін қайта орнатып, Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) нормаларын енгізуді тоқтата тұру керегін айтты.

«Ресейдегі экономикалық ахуал қалпына келгенше ЕАЭО нормаларын енгізуді бір жылға шегере тұруды ұсынамын. Мұндай экономикалық құлдыраудан кейін экономикалық тұрғыда бауырласа алмаймыз. Олардың дағдарысы біз бен Беларусьтің жағдайын қиындатады» деді Ғани Қасымов Tengrinews агенттігіне берген сұқбатында.

Ресейде рубль күн сайын құнсызданып бара жатыр. Қазақстан, Ресей мен Беларусь президенттері биыл 29 мамырда ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойған. ЕАЭО 2015 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі керек.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html

Рубрика: