Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Астанадағы сотта «Благодать» Астаналық қайырымдылық бірлестігінің» басшысы Бақытжан Қашқымбаев сот процесіне қатысудан бас тартты», – деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі. 

«Мен мұндай сотқа қатысудан бас тартамын және өзімнің адвокатым Бейсекеевке де мен сенім артпайтын сотқа қатысуға тыйым саламын. Бірақ оған басқа жоғары тұрған сотта мені қорғау үшін іспен танысуды тапсырамын», — деді Қашқымбаев сот залында.

Бұған дейін адвокат Нурлан Бейсекеев пен Б.Қашқымбаев астананың Алматы ауданының №2 аудандық сотының барлық құрамына қарсылық танытқан болатын. Алайда судья Гүлжахан Ұбашева сот ісін жүргізуден бас тартуға ешқандай негіз таппады.

Сонымен қатар сот адвокатқа 17 томдық қылмыстық іспен танысу және бірқатар қорғау өтініштерін қарау үшін қаңтар айының аяғына дейін уақыт беруге қаулы шығарды. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы ауданының №2 аудандық сотында Б.Қашқымбаевқа қатысты сот басталды.

 

http://www.aikyДуанабай Жолдасбекn.kz/articles/view/40663

 

 

Рубрика: