АЛТЫНОРДА
Новости

Қашағанда мұнай өндірісі уақытша тоқтатылды

0251a66d97fbe67da3c49e13bffb37acҚашаған кен орнында жүйені ретке келтіру жұмыстарына байланысты 3-4 күнге мұнай өндірісі тоқтатылған. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Шын мәнінде онда апат орын алмаған, желіге тексеріс жүргізілуде. Барлық учаскелерде жұмыс жүргізілуде. Мұнда «Болашақ» зауытына қарай бағытталған газ құбыры сөз болып отыр. Ол жерде аз мөлшерде газ шығып жатқаны байқалған. Газ құбырының қысымы азайтылып отыр. Жүйе жөндеуден өтіп жатқан жоқ, ретке келтіріліп жатыр. Қазіргі уақытта нақты себептері анықталуда. Тиісті шаралар қабылданатын болады. Бұл жұмыс 3-4 күнге созылады деп отырмыз. Яғни, 25 қыркүйектен бастап 3-4 күн ішінде мұнай өндірісі тоқтатылады»,- деді Қарабалин.

Оның айтуынша, бұл шара комерциялық өндіріске әсер етпейді, себебі оған қажетті қуаттылық бар.

«Қазір жүйені толығымен ретке келтіретін болсақ, кен орны коммерциялық өндіріс көлемін бере алады. Көзделген мақсаттарға қол жеткізе алмаймыз деп айтуға себеп жоқ», — деп толықтырды ол.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА


http://bnews.kz/kk/news/post/161167/