Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қашаған кенішінде апат себептеріне жүргізілген тексеру барысында газ-және мұнай құбырларында 30-дай зақымданған жер анықталды. Бұл туралы Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин. Министрдің айтуынша, сонымен бірге мұнай құбырлары да тексерілуде.

«Операторлар газ желісін екі рет тексерді. Бүгінге жалпы ақау саны 27-ге жетті. Олар белгілі, қазір оған ақтық баға берілуде. Біз осы айдың соңына дейін алынған мәліметтер толығымен өңделіп, мердігер бізге құбырларды іске қосудың жұмыс жоспарын береді деп отырмыз», — деді Ұ. Қарабалин Kazenergy мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымының қазақстандық қауымдастығы кеңесінің 15-кеңейтілген отырысында.

Министрдің айтуынша, сонымен бірге мұнай құбырлары да тексерілуде. Бүгінге бір бұзушылық анықталды. Ол қазір зерттелуде, талдануда. Негізгі жұмыстар құрылықта жүргізілуде, бірақ су астындағы бөлікте 1-2 жерлері бар. Бұған дейін хабарланғандай, Қашаған кен орнынан мұнай өндіру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталды. Алайда, 24 қыркүйекте D аралынан «Болашақ» зауытына тартылған жерүсті құбырында газ көлемінің кемуі анықталғандықтан, кен орнын пайдалану жұмыстары уақытша тоқтатылған. Төтенше жағдайлар департаменті мен тиісті бақылаушы органдарға орын алған оқиға жөнінде дереу хабар берілген. Құбырға баратын жол ашылып, құбырдың тиісті жіктері ауыстырылған.

Өндіру жұмысы қайта жаңғыртылды, бірақ 9 қазанда кему жағдайы анықталғаннан кейін өндіріс қайта тоқтатылды. Ақаулы жікті жөндеген соң, басынан аяғына дейін толық қадағалана отырып, құбыр гидравликалық тексеруден өтті. Нәтижесінде өзге ықтимал кему орындары анықталды. Өндіріс тоқтатылып, егжей-тегжейлі тексеру жұмысы басталды, оның нәтижесі осы жылдың қаңтар-ақпанында белгілі болады. Еске салсақ, North Caspian Operating Company B.V.қашағандық жоба операторы болып табылады.

«Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Қашаған кен орнының операторына экологиялық бұзушылықтар үшін айыппұл салады.Келісімнің өзінде жазылған санкциялар мен айыппұлдар болады. Газ көлемінің кеміп қалуына жол беруге байланысты экологиялық бұзушылықтар үшін айыппұл салынады.Мұның барлығы экология министрлігінің құзырында, себебі жағылған, бүлінген көлемді анықтау қажет», – деп хабарлады Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин. Министрдің айтуынша, қаңтардың аяғына қарай айыппұл сомасы белгілі болады.

Дуанабай Жолдасбек

ҚазТАГ

Рубрика: