Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Минскідегі шағын құрамдағы отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың қатысуымен өтті.

Келіссөздер барысында Кеден одағы мен Еуразиялық эко­номикалық кеңістік аясын­дағы өзара ықпалдастық мәсе­лелері талқыланды. Мемлекеттер басшылары Еуразиялық эко­номикалық одақ туралы шарт жобасын дайындау жұмысының қорытындысын шығарды. Бұдан бөлек, үш елдің көшбасшылары еуразиялық эконо­микалық интеграцияға қатысушылардың құрамын кеңейту мәселелерін қарастырды.

Қазақстан Президенті Еура­зиялық экономикалық одақ ту­ралы шарттың жобасын жасау кезінде пысықтауды қажет ететін бірқатар жайттарға назар аударды, сондай-ақ одақты қалыптастыруға қаты­сушы мемлекеттердің бар­лық құқықтық нормалары мен мүд­делерін барынша сақтау қа­жеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы болашақ одақты құруға қатысты барлық мәселелер мен келіспеушіліктер өз шешімін табатынына сенімін білдірді.

– Мейілінше күрделі жайттар үшін өтпелі кезең қажет болады. Барлық м­ә­селелерді біз Кеден одағын құру және Бірыңғай эко­номикалық кеңістікті қалыптас­тыру кезінде талқылағанымызды еске салғым келеді. Бүгін біз әр тармақты сеніммен талқылап, не істегеніміз жөн екенін шешетін боламыз деп ойлаймын. Біз әр­дайым консенсусқа қол жеткізіп келдік және алда да солай болады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономикалық одақ құрудағы айрықша рөлін атап көрсетті.

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа зор алғысым мен ризашылығымды білдіремін, өйткені ол осы бірлестіктің бір­ден-бір авторы демегеннің өзінде, оның автор­ларының, негізін қалаушыларының бірі, рухтан­дырушысы болды. Әуелден бұл оның идеясы еді, мұны мен есімде жақсы сақтадым. Кеше ММУ-де оның соншалық тиянақты, тәжі­рибеге негізделген баяндама жа­сауы, онда дамудың, біздің прак­тикалық жұмысымыздың теория­лық базасының перспективалары көрініс табуы, соның барлығы Қазақстанның бұған барынша байыппен қарайтынын көрсетеді. Шы­нында да, біз құрған Кеден одағы жұмыс істеп, нақты пайда әкелуде, біз мұны елдеріміз эко­номикасының нәтижелерінен көріп отырмыз. Бірақ біз өзара ықпал­дастығымызды тереңдету бағытында тағы бір қадам жасап, ынтымақтастығымызды одан да жоғары деңгейге шығара аламыз, – деді Ресей президенті.

Өз кезегінде Беларусь прези­денті Еуразиялық экономикалық кеңістік (ЕЭК) аясындағы проб­ле­маларды еске салды. Атап айт­қанда, Александр Лукашенко көлік және ЕЭК ішінде тауарлар ауыстыру мәселелерін қозғады.

– Біздің одақтың басқа елдер үшін тартымдылығы оның қан­ша­лықты тиімді болатынына бай­ланысты. Бірақ одақтың өзі де оның аясының кеңеюі есебінен үлкен құндылыққа ие болуға тиіс, – деді Беларусь президенті.

Отырыс кезінде Еуразиялық эконо­микалық одақ туралы шарт­тың негізгі ережелері қосымша талқыланды, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономи­калық кеңістікке Армения Рес­пуб­ликасының қосылуы жөнін­дегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу барысы қаралды.

Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары шартты дайындауда ілге­рілеушілік барын айтты, сондай-ақ оны әзірлеуге іскер топтардың белсене қатыс­қанын атап өтті.

Үш елдің көшбасшылары құжаттардың келісілу үдерісін оң бағалап, мұның мем­лекеттер ара­сында қалыптасқан қарым-қа­тынас­тардың жоғары деңгейінің нәтижесі екенін атап өтті.

Еркін ҚАЛДАН

 

http://www.aikyn.kz/news/view/48363

Рубрика: