Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жақында ре­дак­­циямызға бір хат жетті. Қа­­риялар ара­сындағы қор­да­­ланып қалған мәселелер тізіліпті. Маң­дайына «әкім­­дер мен де­­пу­таттардың, рес­­пу­бликалық ар­­дагерлер ұйы­мының на­зарына» де­лінген. Сол хатты на­зарларыңызға ұсы­нып отырмыз.
«Қариялардың кіші спартакиадасын» өткізу қажет

Президентіміздің «Қазақстан–2050» бағ­дар­ла­масында са­лауатты өмір салтын қа­лып­тастыру, Қа­зақ­стан халқының бұ­қаралық спорт­пен және дене­шы­нықтырумен ай­на­лысуын 30 пайызға жеткізу айтылған. Жа­сы­ратыны жоқ, бүгінде зей­неткерлікке шыққан соң қарттардың біразы «жан ты­­ныш­ты­ғына жет­­тім-ау» деп төрде шалқайып жа­тып, те­ле­дидар көріп, газет оқумен ғана шек­те­леді. Осы­­лай аз қоз­ға­лудың салдарынан, үйде оты­­рып қартаюды дағ­дыға айналдырғандар бар. Дәрігер­лер­дің ай­туын­ша және ста­тис­ти­каға сүйенсек, аз қозға­ла­тындар ұзақ өмір сүр­­мейді. Бүгінгі 100 жа­саған қа­риялар өз­де­­рінің өмір бақи еңбек ет­кен­де­рін, үнемі қоз­­­ға­лыс-қимылда болғандарын айтады. Олай болса, әр зейнеткер ша­масына қарай қи­­мыл жа­сайтын спорт түрін таңдап, са­ла­уат­ты өмір салтына көш­кені жөн.

Мысалы, біз, 20 шақты адам ҚР бильярд фе­­­де­рациясының пре­зиденті А.Қаранеев мыр­­­з­аның қарт­тарға деген қа­йы­рым­ды­лы­ғы­ның арқасында «Бастау» бильярд клубында бел­­гі­лен­ген күндері жи­налып, бильярд ой­най­­мыз. Арамызда жасы 75-85 ара­лы­ғын­да­ғы бұрынғы атақты балуан, боксшы, гим­­наст т.б. спорт шеберлері бар. Жасы 84-тегі Ев­ге­ний Ка­дяйкин мен 77-дегі Әмин Тұя­қов – жү­гіру­ден дүние жүзінде алдарына жан сал­ма­ған жүй­ріктер. 1956 және 1964 жыл­дар­ғы Олим­­­пиада ойындарына қатысқан на­ғыз атақ­­­ты спорт жұл­дыз­дары. Ал 83-ке кел­ген Май Хван кезінде конькимен жүгіру спор­ты­нан әлем чемпионы атанған. Қазір олар­дың бұрынғыдай жүгіріп-секіруге шамасы жоқ, сон­дықтан бильярд столын жа­ға­лап жү­ріп, ең­кейіп, бұрылып, шарды ұрып, не­ше түрлі де­не қи­мылын жасап, спорттан қол үзбей жүр. Ал басқа бір топ қа­рия­лар жү­ріп-тұ­ру­ла­рының қиын­ды­ғынан, үйлерінің маңында аулалық спорт алаңы­ның жоқты­ғы­нан, бір-бір орын­дық­тарын ар­қалап келіп, шахмат-дой­бы ой­науға жиналады. Сөйтіп, күн­­ге кү­йіп, шаң то­заң­ның астында отырып, уа­қыт­тарын өткізеді.

Қорыта келгенде, қарттар үшін ең ыңғай­лы спорт түрлері – бильярд, шахмат, дойбы ға­­на. Ендеше қа­рияларды қызықтыру үшін, үйін­­де отырып қартаюға ың­ғайланған қарт­тар­ды салауатты өмір салтына бейімдеу үшін спорт­тың осы үш түрінен тұратын «Қа­рия­лар­дың кіші спартакиадасын» (ҚКС) Астана, Ал­ма­ты қалаларында және облыс орта­лық­та­рында тұрақты түрде жылына екі рет өткізіп тұрса. ҚКС-тің біріншісін көктем айларында бас­тап, 9 мамыр – Жеңіс күніне қоры­тын­ды­лағ­ан жөн, ал екін­­шісін қараша айында бас­тап, жаңа жыл қар­саңында аяқтаса. Өйткені әкім­дер үлкен қалаларда (оның аудан­да­рын­да) жыл сайын 9 мамыр күні соғыс және тыл ар­да­гер­ле­рін шақырып, мерекелі думан өт­кі­зіп жүр. Мы­салы, биылғы Жеңіс күні Ал­ма­тының Бос­тан­дық ауданы жылдағысынша жас­­тар ара­сында өткен конкурстар мен мем­лекет қыз­меткерлерінің арасындағы жаз­ғы спар­­­такиаданы қорытындылап, жеңім­паз­дар­ға телевизор, ком­пьютер т.б. бағалы сый­лық­тар тапсырып, қария­лар­ды таң­дан­дырды. Әри­­­не, жеңімпаздарды атаған жөн, бі­рақ сол Же­­ңіс күні соғыс және тыл ар­да­гер­ле­рінің ал­дын­да олардың өз арасынан шыққан ҚКС же­ңім­паздары марапатталса, нұр үстіне нұр емес пе?!

Ардагерлердің қоғамдық спорт комитетін құру қажет

Қариялармен жұмыс жасайтын аудан­дық, қалалық ардагерлер кеңесінде қаржы тапшы. Оларға бюджеттен ештеңе бөлін­бей­ді, тек демеушілер көмегінің арқасында күн көріп отыр. Қарияларға арнап аула ішінде салынған шахмат-шашка ойнайтын кішкентай ғана спорт алаңдары жоқ. Қайта жастардың жағдайы көш ілгері. Оларға арналған спорттық кешендер, стадиондар, тіпті әр мектеп пен жоғары оқу орын­дарында спортзалдар мен алаңдар бар. Ал қариялар әр жерде орындығын арқалап жүріп ештеңе шеше алмайды. Сондықтан олардың басын біріктіретін Ардагерлердің қоғамдық спорт коми­тетін (АҚСК) құру қажет. Әрі бұл ұйымға жетекшілік жасауды қалалардағы Спорт басқармасына немесе беделді бір спорт ұжымына тапсырса жөн сияқты (әрі қарай бірнеше баптан тұратын АҚСК-ның міндеттері мен мақсаттары тізілген).

Ардагерлерге де Елбасының «Қазақстан-2050» Жолдамасын түсіндіру керек

Елбасының «Қазақстан-2050» Жол­дамасын насихаттау мақсатында Парла­мент депутаттары мен Үкімет басшылары Алматыға бірнеше мәрте келіп, әкім­дермен, жергілікті депутаттармен, биліктегі активтермен, Ардагерлер кеңесінің төраға­ларымен, студенттермен, кәсіпорын жұ­мыс­шыларымен кездесулер өткізді. Ал біз, қарапайым зейнеткерлер, ескерусіз қал­дық, ешкім бүгінге дейін бізге Жолдау туралы ештеңе айтқан жоқ. Біз де осы қоғамның мүшесіміз ғой, кезінде ел үшін, жер үшін ҰОС-ына қатысып, жаумен ай­қас­тық, Жеңіс үшін аш-жалаңаш тылда аянбай еңбек еттік. Егеменді Қазақ­станы­мыздың өркендеуіне үлес қостық, қартай­ған шағымызда да қарап отырғаны­мыз жоқ, оқу-тәрбие орындарына барып жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекке баулып жүрміз. Біз үшін бұл аз ба? Ендеше, біздің де Елбасының Жолдауынан түсініктеме алуға құқығымыз бар емес пе?!

Кемшілікті түзеу әлі де кеш емес. Қала­дағы әкімдер мен депутаттардан сұрай­тыным, ендігі өтетін насихаттау жұмыс­тарын мынадай екі айдармен өткізейік:

1. Депутат пен әкім – халқына жақын;

2. Үйде отырып қартаймайық, қария­лар!
Құрметпен Алматы қаласы Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің спорт комиссиясы төрағасы, ҚР еңбек сіңірген дербес зейнеткер Сейітов және елімізге белгілі 18 зейнеткер қол қойған

 

http://alashainasy.kz/main/42708/

Рубрика: