Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

1386256766Бұл жаңалықты естіп қуанып қалдым! Енді шет елдің киноларын сатып алмай, оның орнына Қазақ киноларын көретін боламыз! Алайда, дәл қазір олардың сапасы қандай болмағы белгісіз. Белгілісі жаңа жобалардың барлығы да қазақ тілінде түсіріліп, қазақтілді көрерменге жол тартпақ. Ал мамандардың пікірінше, аталған бастама отандық телеарналардағы түрлі жобалар мен түрік және кәріс сериалдарының көлеңкесінде қалып келе жатқан қазақстандық туындылардың екінші тынысын ашады. Бұдан сырт, шетелдік дүниелердің әрі минутының өзі қымбат тұратындықтан жаңа үрдіс телеарналарға қыруар қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Отандық өнім. Ал көрермен қауымды олардың санынан бұрын сапасы, мәні мен мазмұны қандай болары алаңдатары белгілі. Айталық, жаңа телесериалдар мен бағдарламалар қаншалықты ұтымды шығады? Жасырары жоқ, түрік пен кәрістің бірсарынды дүниелерінен көзі де, көңілі де шаршай бастаған ағайын, негізінен қазақ көрерменіне қарай бағытталғалы отырған төлтуындылардан ләззат алар болса, ендеше уақыт келе шетелдік өнімдердің санамыздан ұмыт болары анық.

Сіздер бұл жаңалыққа қалай қарайсыздар?

http://massaget.kz/blog/9314

 

Рубрика: