Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

5b607d0611166d888c8ba5979b4bb294Балалар проблемасы бойынша арнайы кеңесші Америка Құрама Штаттарының дипломаты Сьюзен Джейкобс қазақстандық сәбилерді АҚШ азаматтарының асырап алуы жөніндегі мәселені талқылау үшін біздің елге келмек.

Осыған орай 23-24 қыркүйекте Сьюзен Джейкобс осы мәселені талқылау үшін Қазақстанның ресми өкілдерімен кездеспек. Атап өтер бір жайт, қазақстандық екі жеткіншекті асырап алған америкалық ата-аналар оларды  Монтанада ранчодағы мінезі қиын балалар лагеріне тапсырып жібергенін білген соң, шетелдіктерге қазақстандық сәбилерді асырап алуға уақытша тоқтату енгізілгені белгілі. Осыған орай елдің  Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты балалардың құқығын қорғау комитетімен бірлесіп АҚШ-қа сауал салды, бірақ әлі күнге Американың тиісті орындарынан жауап алынған жоқ.Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер «Гаага конвенциясының аясында халықаралық міндеттерін орындау аясында аталған елден жауап алмайынша, Америка Құрама Штаттарымен бала асырап алу мәселесін  тоқтатамыз, – деп ресми мәлімдеме жасағаны белгілі.

Кезінде асырап алынған қазақстандық балалардың  құқы аяққа тапталып, одан бүкіл әлем хабардар болып жатқанда, Сьюзен Джейкобстің бұл келісінде қаншалықты сенім бар? Сьюзен біздің атқамінерлерді «бәрі ойдағыдай болады, балалар құқының аяққа тапталуына кепілдік береміз» деуі  ықтимал.Біздің шенеуніктер тағы жалпақшешейлікке салынып,  балаларды асырауға рұқсат беріп қоя ма? Жалпы, ТМД-дағы көптеген мемлекеттер шетелдіктердің  бала асырап алуына тыйым салып жатқаны белгілі. Сондықтан бұл шешімді біздің елдің де қабылдайтын уақыты жетті.

Қазіргі таңда Қазақтанда қамқорлықсыз жетім қалған балалар саны – 35 мыңды құрап отыр. Деректерге жүгінсек, соңғы 14 жылда 47 мың жетім асырап алынған.  Олардың ішінде 38 мыңын республика азаматтары асырап алса, 8,8 мың бала басқа елдерде (олардың басым бөлігі АҚШ-та) жүр.

 

Берік Бейсенұлы

http://www.aikyn.kz

Рубрика: