Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жер-жерде Жеңіс тойы тойланып жатқан тұста Қарағанды облысының атқарушы билігі ардагерлерге тағзым, құрмет көрсетумен қатар, материалдық қолдау жасауды қолға алды. Атап айтқанда Жеңісті жақындатқан ерлерге деп облыста жалпы сомасы 250 миллион теңге болатын материалдық жәрдем берілді. Бұл туралы облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ардагерлермен болған кездесуде мәлімдеді

— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмысын жақсартуға үлкен мән беріп келеді. Мемлекетіміз ардагерлерді барынша қолдап, қамқорлық көрсетіп, барлық жағдайды жасауда. Себебі, соғыс жылдарында Отанымызды қорғаған ардагерлерімізге құрмет көрсету, ерлігін есте ұстау – біздің басты міндетіміз. Бүгінгі ұрпақтың – аға буын алдындағы перзенттік парызы деп есептеймін, — деді облыс әкімі кездесуде.

Аймақ басшысы атап өткендей, биылғы жылы Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, оларға теңестірілгендер мен тыл ардагерлеріне жалпы сомасы 250 млн. теңгені құрайтын бір реттік материалдық көмек көрсетілетін болады. Әрбір соғыс ардагеріне беріліп отырған 50 мың теңге көлеміндегі материалдық көмек облыс әкімдігі мен ірі кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі  меморандумдардың арқасында жүзеге асып отыр.

Бұған қоса аймақтағы соғысқа қатысушылар коммуналдық төлемдерден босатылды, оларға тегін медициналық көмек алу мүмкіндігі туғызылды.

Қ.Жұмағалиұлы

Қарағанды

 

Рубрика: