Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 11 наурыз. BAQ.KZ – Қарағандының Қазыбек би аудандық соты терроризмді насихаттады және заңсыз қару сақтады деген күдікпен қолға түскен жергілікті тұрғынның ісін қарауды бастады. Бұл жайында ҚазТаг хабарлап отыр.

 

«Қазыбек би аудандық сотында «Терроризмді насихаттау немесе террорлық актілерге ашық түрде шақыру» және «Атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды алып жүру, ұстау, өткізу, сақтау» бабтары бойынша үстінен қылмыстық іс қозғалған күдіктінің ісі қаралуда» деді аудандық соттың баспасөз хатшысы Ерлан Сексенов.
Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған азамат қарулы жиһадты жақтайтын діни ағымның өкілі. Ол өткен жылдың қараша айында Қарағанды қаласында қолға түскен болатын. Күдіктіден шолақ мылтық, аңшы пышағы, калибрі 9 мм болатын үш оқ-дәрі, терроризм мен экстремизмді насихаттайтын жазбалары бар флэш-карта тәркіленген.

 

http://baq.kz/news/24535

Рубрика: