Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ЖурҚарағанды облысында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Қарағанды облысы әкімінің дәстүрлі «Алтын сұңқар» сыйлығы табыс етілді.

 

Салтанатты рәсімді кіріспе сөзбен ашқан облыс әкімі Бауыржан Әбдішев бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық қоғамды халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатының төңірегіне топтастыруда аса ықпалды күшке айналғанын атап өтті.

— Ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында экономиканың барлық салаларын, әлеуметтік ахуал мен саяси жүйені жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру барысында ақпарат құралдарының маңызы тіпті арта түсті, — деді аймақ басшысы.

Қарағандылық журналистика жылдар бойы қалыптасқан даңқты дәстүрлерімен алыс-жақынға аты мәлім. Талай-талай қарымды қаламгерлердің қанатын қатайтып, түлетіп ұшырды. Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының ардагерлерімен бірге жас журналистер де алдыңғы буынның салған сара жолын жалғастырып, табысты еңбек етіп келеді.

Қарағанды облысында барлық республикалық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері жұмыс істейді. Қоғам өмірінің сан алуан оқиғалары жайлы баяндайтын қоғамдық-саяси, салалық баспасөз құралдары да аймағымызда аз емес.

— Мұның бәрi тәуелсiз Қазақстанның, аймағымыздың белгiлi деңгейдегi сөз бостандығын, демократиялық құндылықтарын қамтамасыз етедi. Әрине, олардың барлығы бірдей емес. Ұстанымы, көзқарастары сан алуан, мүмкіндіктері де әр түрлі. Дегенмен, баршамызды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – халықтың әл-ауқатын арттыруға деген ұмтылыс, елдің ертеңі мен жарқын болашағына деген ізгі ниет, — деді Бауыржан Әбдішев.

Осыдан кейін БАҚ арасынан «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан үздіктерге облыс әкімінің сыйлығы тапсырылды. Атап айтқанда, «Мамандыққа берілгені үшін» сыйлығын «Мысты өңір» (Жезқазған қ.) қалалық газетінің бас редакторы Амандық Рахұлы, «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» сыйлығын «Хабар» телеарнасының Қарағанды облысы бойынша тілшісі Ардақ Қабыханов, «Объектив шебері» сыйлығын «7 арнаның» операторы  Еркеұлан Тойболдин, «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» сыйлығын «Бұқар жырау жаршысы» (Бұқар жырау ауданы) аудандық газетінің тілшісі Зоя Богданцева, «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» сыйлығын «Хабар» агенттігінің «24 KZ» республикалық телеканалының меншікті тілшісі Айнұр Әбдиева иеленді. «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау» номинациясы бойынша «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің бөлім меңгерушісі, «Алаш айнасы» республикалық газетінің меншікті тілшісі Қызғалдақ Айтжанова, «Алғашқы табыстары үшін» номинациясы бойынша «Новый вестник» газетінің тілшісі Татьяна Константинова, «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» номинациясы бойынша «5 канал» арнасының бас редакторы Рушан Бараев, «Мәнер мен атқарымдылық үшін» номинациясы бойынша «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің жауапты хатшысы Дмитрий Мехаев, «Еңбек адамы» тақырыбын үздік жариялағыны және насихаттағаны үшін» «Қазақстан-Қарағанды» ОТРК режиссері Айман Упашева марапатталды.

Биылғы жылы «Алтын сұңқар» жүлдесімен қатар, облыс әкімінің бір миллион теңге көлемінде арнайы сыйлығын тапсыру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл атаулы сыйлық «Қазақстан-Қарағанды» облыстық телекомпаниясына бұйырды.

Қ.Жұмағалиұлы

ҚАРАҒАНДЫ

 

 

Рубрика: