Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Француздың «Opus Platform» компаниясы Қарағандыда күн қуатын тұтынатын алғашқы ферманы салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Ферма 20 гектар аумақты қамтиды. Күштілігі – 1 мегаватт. Компания ферманы ағымдағы жылдың соңына дейін салып бітіруге ниетті.
Компанияның басқарушы серіктесі Фабиен Контенің сөзіне қарағанда, қалада көне шамдарды электр қуатын үнемдеуші шамдарға ауыстыру жоспарланып отыр. Ол үшін инвесторлар бір көшені өз қаражаттарын жұмсап, жарық диодты шамдармен жабдықтайтын көрінеді.
«Күн фермалары – біздің алғашқы қарлығаштарымыз. Бүгінде бізде инвесторлар бар. Румынияда өндіріс алаңы да бар. Ендігі ретте сіздердің қолдауларыңызды қажет етеміз»,-деді Фабиен Конте.
Сондай-ақ, композиттік құрылыс материалдарын өндіретін зауыт құрылысын бастау мәселесі көтерілді. Жергілікті тұрғындар арасынан мамандарды даярлау мақсатында «RIVESUD» компаниясы арнайы тренинг орталықтарын ашуды жоспарлап отыр.
Француз делегациясы өкілдерінің сөзіне қарағанда, оларды Астанаға жақын орналасқан халықаралық әуежайы бар өнеркәсіп орталығы қызықтырады екен. Көптеген жобаларды мемлекеттік құрылымдар белсенділігін пайдалана отырып, «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде жүзеге асыруға болады деп отыр олар.

Қ.Жұмағалиұлы

 

Рубрика: