Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Q2Буын биі, яғни, ел ішінде Қара жорға аталып жүрген қазақ биінің төңірегіндегі  туралы дау-дамай әлі де толастамай келеді. Кейбір советтік битанушылар «Қара жорға моңғолдардың биі» десе, енді бір өнертанушылар «Қара жорға – оралмандардың биі» деген де ұшқары пікір айтқаны бар. Міне, сол басы даудан арылмай келе жатқан Қара жорға биінің қазақтікі екенін дәлелдейтін нақты айғақ табылғандай. Ресейдің Петербор қаласындағы Эрмитажда француз суретшісі  Барбиштің Екатерина-2 патшайымға сыйға тартқан 15 суретінің бірінде нағыз балдық би, яғни, жұптасып билеу дәстүрі бейнеленген «Қазақтар биі» деп  көрсетілген картина табылды. Картина  1792–1793 жылдары орыстың әскери қызметінде болған француз әскериі әрі суретші Барбиштің еңбегі. Барбиш патшайымға «Қазақтар. Ғұрыптар» деген тақырыппен салған бір топ картинасын сыйлаған екен.

Abai.kz

Рубрика: